Шортандылықтардың зор қолдауына ие болды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы шортандылықтардың арасында зор қолдауға ие болды.

Дүйсенбі күні Шортанды №2 орта мектебінің акт залында аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша актив жиналысы өтті. Оның жұмысына республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Мадина Нұрғалиева, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, аудандық бөлімдер мен қызмет басшылары, ұстаздар, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Мадина Нұрғалиева Елбасы Жолдауының өзекті бағыттарының маңыздылығы, халықтың әл-ауқатын, тұрмысын арттыруға арналған тапсырмалар жөнінде айтып өтті. Егемен еліміздің тұрақты дамуын көздейтін және барлық салаға тың серпін беріп, ел халқының игілігін алға қойған маңызды құжаттың міндеттері толықтай айтылды.

Өз сөзінде аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасова Жолдаудың негізгі ережелеріне жан-жақты тоқталып, олар бойынша ауданда жүзеге асырылатын жұмыстарды баяндады. Атап өтетін болсақ, агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлік саласының әлеуетін арттыру, адами капитал мен аймақтық инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Мұнан кейін Елбасы Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы орталық аудандық аурухана ұжымында жалғасты. Мемлекет Басшысының Жолдауын түсіндіру барысында ұжым өкілдері пікір алмасып, тарихи құжаттың өзектілігін айтты.

Новости в Вашем регионе