Шойындыкөл ауылы тұрғындарымен кездесу

Басшысының орынбасары Дулат Сыздықов Шойындыкөл ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.  

Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есепберу кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 2 ақпандағы  №190 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, бекітілген халыққа есеп беру кездесулерінің кестесіне сәйкес, өңір басшысының орынбасары Дулат Сыздықов Шойындыкөл ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.  Кездесуге аудандық мәслихаттың хатшысы Ұ.Ахметова, сала басшылары, мәслихат депутаттары, ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында Шойындыкөл ауылының әкімі Бердіғали Н.Қ., жергілікті полиция қызметінің учаскелік  инспекторы Әділбек А.А. есептері тыңдалды. Өз кезегінде Дулат Сыздықов ауыл тұрғындарын ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен 2019 жылға қойылған міндеттер туралы ақпараттандырды. Өз баяндамасында  ауданның барлық саласында дамудың қарқыны сақталып, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларыныда барлық көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап көрсетті. Шойындыкөл ауылында абаттандыру жұмыстарын жүргізуде оң өзгерістер барын айтып өтуге болады. Аудандық мәслихаттың депутаты Аубакиров Серікбай Төленұлының бастамасымен ауылдың әр көшесіне абаттандыру жұмыстарын жүргізуге жауапты шаруа қожалықтары бекітілген. Биылғы жылғы жоспарда Шойындыкөл ауылы мен Жезқазған-Петропавл тас жолын жалғайтын жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Жалпы қашықтығы 35 шақырымды қамтитын жол үш бөлікке бөлініп, әр бөлікті жөндеуге жауапты шаруа қожалықтары мен серіктестіктер бекітілмек. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауыз су, ветеринария, көшелерді жарықтандыру туралы өзектi мәселелер көтеріліп, сұрақтар да қойылды. Аудан басшысының орынбасары көтерілген мәселелерді қарастырып, қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берді. Жауапты сала басшыларына барлық мәселелерді бақылауға алып , орындалуы туралы баяндауға нақты тапсырмалар берді. Кездесу аяқталған соң Дулат Сыздықов ауылдың бірнеше әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарын аралады.

Новости в Вашем регионе