«Шығармашалық зертхана» атты байқау өтті

Өткен аптада «Ақ бота» балабақшасында мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру ұймдарындағы педагогикалық қызметкерлер арасында «Үздік педагог — 2018» аудандық «Шығармашалық зертхана» атты байқауы өтті.

Балабақша тәрбиешісі - балаға бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беретін екінші анасы. Әр баланың жас ерекшелігіне, мінез-құлқына қарай бейімделіп, онымен бірге бала болып сөйлесіп, бала болып ойнап, бала болып күле білу үлкен шеберлікті қажет ететін жұмыс. Олар елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеуші. Сондықтан да бұл мамандықтың жүгі қаншалықты ауыр, жауапкершілігі қаншалықты салмақты екендігін айтпай-ақ, түсінуге болады. Ал байқаудың мақсаты осы бір мамандықты меңгерген жандардың шеберлігі мен шығармашылығын бағалау болды.

Байқауға аудандағы «Балауса», «Ботакөз», «Балдаурен», «Бөбек», «Гүлдер» және «Ақбота» балабақшаларының тәрбиешілері қатысты.

Байқауға аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік бөлімінің әдіскерлері қазылық жасап, қатысушылардың берілген нұсқамаға сай дайындаған ашық сабақтары мен тапсырмаларын бағалады.

Байқаудың бірінші кезеңі қатысушылардың өздерін таныстыруымен басталды.

Одан соң екінші кезең «Сынып шеберлігі» деп аталды. Бұл кезеңде қатысушылар өздерінің тәрбие берумен қатар баланың көкжиегін кеңейту мақсатында қолданылатын тың тәжірбиелерімен бөлісті.

Үшінші кезең импровизациялық тапсырма болса, төртінші кезең тапсырмасы бойынша қатысушылар өз мамандықтары тақырыбында эссе жазды.

Байқаудың қорытындысында әділқазылар Гран при жүлдесіне «Бөбек» балабақшасының тәрбиешісі Ғалымова Фарида Өтегенқызы лайық деп таныса, 1 орынды «Ақ бота» балабақшасының музыка пәні бойынша тәрбиешісі Бейбітхан Нәзигүл иеленді. Екінші орынды «Ботакөз» балабақшасының тәрбиешісі Жүнісова Күнсұлу Галимқызы иеленсе, «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Харченко Елена Сергеевна 3 орын иегері атанды. Ал, «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі Бекен Алмагүл мен «Гүлдер» балабақшасының тәрбиешісі Снегурская Ольга жекелей номинациялар бойынша марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Новости в Вашем регионе