«Сарыарқа» магистральдік газ құбырының құрылысының жобасы талқыланды

Аудан әкімдігінің мәжілістер залында облыс әкімінің орынбасары А.С.Үйсімбаевтың төрағалығымен Астана қаласын газдандыру үшін «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша «Сарыарқа» магистральдік газ құбыры құрылысының жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өтті.

Кеңесте «Сарыарқа» магистральдік газ құбырының құрылысы үшін жария сервитут орнату мәселесі бойынша Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадралина, сондай-ақ «КАТЭК» ЖШС бас директоры Құндыз Нупов «Құрылыс мерзімдері және жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларына залалдарын өтеу туралы» тақырыбына сөз сөйледі.

Кеңестен кейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Үйсімбаев қорытынды шығарды және бұл жобаны жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

 

Новости в Вашем регионе