Салауатты ата-анадан: спортсүйер бала

Оқушылардың, ата-аналардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және спортпен айналысуға тарту арқылы гимназия мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2019 жылғы 19 қаңтар күні  Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының спорт залында «Салауатты ата-анадан: спортсүйер бала» көңілді спорттық ойыны өткізілді.

Оқушылардың, ата-аналардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және спортпен айналысуға тарту арқылы гимназия мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2019 жылғы 19 қаңтар күні  Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының спорт залында «Салауатты ата-анадан: спортсүйер бала» көңілді спорттық ойыны өткізілді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Мырзатаевтың айтуы бойынша: «Жарысқа 1- сыньш оқушьшары, ата-аналары, сынып жетекшісі топ ретінде қатыстырылды. Команда құрамы 4 адамнан құралды: 2 ата-ана, оқушы, сьшып жетекші. Жарысқа қатысушылар біріңғай спорт киімімен қатысуы міндеттелді. Әр сыныптан 5 жанкүйерден шақырылды. Олар өздерімен бірге транспоранттар мен шарлар әкелді. Әр  топтың топ аты жазылған эмблемасы да болуы шарт еді». Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Серік ойын кезеңдерімен таныстырды: 
1. «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» топ ұранымен таныстыру. 2.«Кім жылдам?» кедергілерден өтіп жүгіру. 3.«Кенгуру»  волейбол добын аяқтың ортасына салып, кедергілер арқылы мәреге жету. 4. «Кім епті?» себетке доп тастау. 5. «Кім мықты?» арқан тартыс. Командалар жарысқа тиянақты дайындықтарын көрсете білді. Осындай ойындар арқылы ата-аналар мен мектептің арасындағы ынтымағы көрінеді. Барлық ойындардан қатысушылар сүрінбей өтті. Жарысты ұйымдастырушылар жеңімпаз командаларды марапаттады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Құлдыбаев және директордың орынбасары А.Сарсенбекова жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады. Алдағы уақытта осындай жарыстар жалғасын таппақ.

 

Новости в Вашем регионе