Рухты жандарға қамқорлық

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде мүмкіндігі шектеулі болса да мүддесі биік жандардың басын қосқан «Кедергілермен күрескер» атты кездесу кеші өтті.

Алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедов ескерткішіне тағзым етуден басталған дәстүр тарихы терең колледжіміздің өсу, өркендеу жолымен танысуға ұласты. Жаратылыстану кафедрасының оқытушысы Алтынгүл Жақсығұлқызы жүз жылдық тарихи парақты ақтарып, «Рухани мұра» кабинетінде жүзеге асырылған игі шаралар таныстырылды.

Колледж директорының әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Қосай Мажитов жылы лебізімен кездесудің салтанатын ашып, Қостанай қаласынан «Үміт-Надежда» тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамының төрағасы Дүйсенғали Оспанов, «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова өмірдің түрлі қиындықтарымен күресе білуді, мойымауды түсіндіріп, ой бөлісті.

Осылайша, «Руханият» мобильдік тобының жетекшісі Қайыржан Таубаев тізгіндеген кеш тағдырдың жазуымен кедергілерді еңсеріп, қоғамның әр саласында ұлттық мүдде үшін қызмет етіп жүрген мерейлі жандардың өнегелі әңгімелері колледж студенттерін өмірді сүюге, мақсатқа талпынуға құлшындырды.

Жаратылыстану және музыка кафедраларының студенттері кейіпкерлерге сұрақтарын жолдап, өнерлі жастар Алмат Жасұлан мен Азамат Губайдуллин «Еркесылқым» күйін орындап, рухани жүздесу колледж директоры С.Бахишеваның Алғыс хаты мен кәде сыйларын табыстаумен түйінделді.

Новости в Вашем регионе