Полицейлер Жолдауды қолдайды

Елбасы ағымдағы жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында құқық қорғау органының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет екендігін айтты. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында көтерген мәселелердің барлығы дерлік әдеттегідей  жалпы дамуға бағытталған. Ішкі істер органы қызметінің сапасын одан әрі жақсартып, азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін көтеруді көздеді. Өмір сапасы қауіпсіздікпен тікелей байланысты. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмыспен күресте алдыңғы шепте жүреді, көбіне өз басын қатерге тігіп, азаматтарды қорғайды.

Сонымен қатар, қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп отыр. Ішкі істер министрлігінің штаттық санын оңтайландырып, полицияны өзіне тиесілі емес функциялардан арылту қажет. Үнемделген қаражатты полицейлердің жалақысын көбейтуге, олардың тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттаған. Полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекітіп, мансаптық ілгерілеу, сондай-ақ полиция академия-лары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту. Қызметкерлердің бәрі қайта аттестациялаудан өтуі тиіс. Халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізіп, полицияны бағалаудың критерийлерін түбегейлі өзгерту. Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген ұғымның орнығуы тиіс. Қалалық және аудандық ішкі істер органдары жанында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Қазақстанның бүкіл қалаларын қоғамдық қауіпсіздікке мониторинг жүргізу жүйелерімен жабдықтау керек. Қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдері болуға тиіс.

Президент: «Полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру қажет»,- деді. Әлбетте үлкен жетістіктерге жетіп, биік көрсеткіштерге ие болу үшін реформа керек, реформаны жүзеге асыруда мемлекеттік аппараттардың маңызы қашанда зор, сондықтан мемлекеттік қызметшілерге жаңа міндеттер жүктеледі. Аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттап, түбегейлі талқылады. Бөлім қызметкерлері алдағы уақытта полиция қызметкерлерінің қызметіне енгізілетін өзгерістерді қолдай келе, үстіміздегі жылы өткізілетін аттестацияға толықтай дайындық жүргізуде.

Қ.Қапаров, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі

Жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жетелейді 

Ұлы даланың жеті қырының кез келгені – Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технология-сы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ елінің рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері» бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркендеуіне септігін тигізген − Ұлы Жібек жолы жүйесі. Қазақ елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт ғана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар. Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау әрі сақтау елді бекемдеудің тікелей кепілі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізетініне толық сенімдімін. Өйткені тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып, жетістіктерге жетеді.

Дәулет Серікұлы, Жайылма ауылының тұрғыны

Новости в Вашем регионе