Өтініштер назарға алынды

Бейсенбі күні Аса ауылдық округі әкімі аппаратында аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков аудан тұрғындарына көшпелі қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қабылдауға келген асалық Сандуғаш Ережепова тұрмыс жағдайына байланысты тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал етуін өтінді. Ал, Рахат ауылының тұрғыны Ботагөз Жанысбаева аудан орталығынан бір жарым шақырым жердегі ауылға осы уақытқа дейін газ тартылмағанын айтып, мәселенің шешілуіне не кедергі бар екенін сұрады. Сонымен қатар, жер телімін алуға кезекке 2010 жылы тұрғанын, бірақ одан еш нәтиже жоқ екенін жеткізген көпбалалы ана Ұлбосын Қатарбаева үй салуға жер телімін жуық арада алуға бола ма деген сауалын жолдады.
Тұрғындарды мұқият тыңдаған Қайыржан Еркінбекұлы мен Нұрлан Күдербайұлы өтініштерді назарға алып, мәселелердің оң шешілу жолдарын қарастыратынын айтты.

Новости в Вашем регионе