Өңірлік форум

28 наурызда Көкшетау қаласы «Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында «Nur Otan» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов пен «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың қатысуымен БПҰ-ның өңірлік форумы өтті.
 

Шортанды ауданының «№12 Новокубанка сайлау округі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Рахат Мардан Көкшетау қаласының бастауыш партия ұйымдарының форумында Елорданың атауын өзгертуді қолдау үшін партия активінің алдында сөз сөйледі.
Іс-шара «Қоғамдық келісім»  КММ мәжіліс залында «Nur Otan»  партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов пен «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың қатысуымен өтті. 
Сонымен қатар, іс-шараға Шортанды ауданының делегаттары қатысты: партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмедия Қожамсейітов, облыстық мәслихат депутаты Ирина Жукова, партия аудандық филиалының кеңесшісі Айгүл Баймағамбетова.
Форумға жиналған БПҰ 90-шы жылдардың басында елдің қай қырында болғанын, Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін қандай бағдарламаларды ұсынғанын, жастарды Президент лауазымында қалай қолдайтынын және Астананың атауын бірауыздан қолдап, басқа да көптеген мәселелер туралы айтты.
 

Новости в Вашем регионе