Мерейтойымен құттықтады

Өткен аптада педагогикалық еңбек ардагері, тігін ісінің шебері Галина Ивановна Костырева өзінің сексен жылдық мерейтойын атап өтті.

Галина Ивановнаны мерейлі мерекесімен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмедия Қожамсейітов пен аудандық ардагерлер Кеңесінің төрайымы Тукен Кизаева құттықтап, Ақмола облыстық ардагерлер Кеңесі төрағасының атынан алғыс хат пе гүл шоғын тарту етті.

Новости в Вашем регионе