Күз - молшылық айы

Әрбір сенбі сайын Шортанды кентіндегі орталық базар қыза түсуде. Жаздың жадыраған күндері артта қалып, күздің жаңбырлы маусымы басталса да базар маңы ығы-жығы халыққа толы болды.

Өткен сенбіде де базар әдеттегідей таңертеңгілік жұмысын жалғастырды. Сіркіреген жаңбырға қарамастан «базарға келіп бағын сынаушылар» қарасы да мол.

Жаздың соңғы аптасы болса да базарда көкөністер мен жеміс-жидек саудасы қыза түскен. Құлпынай, таңқурай, өрік дейсіз бе, картоп, қияр, сарымсақ керек пе бәрі бар. Бағасы да онша қымбат емес. Мысалға бір шелек картоптың бағасы көлеміне қарай 500 теңгеден жоғары болса, бір келі қара өрік 260 теңгеден, құлпынай мен таңқұрай 900 теңге көлемінде сатылды.

Базардағы бағаның тұрақталуына оңтүстіктен әкелінген жеміс-жидек, көкеністердің әсері мол тиюде. Жамбыл мен Шымкент қалаларынан әкелінген жеміс-жидек пен көкөністерді тұрғындар көптеп сатып алып жатты. Әрине, жергілікті тұрғындар да биылғы өз өнімдерін саудаға салуда. Сонымен бірге сүт және сүт өнімдері, балық, шұжық, ара балық сынды азық-түлік саудаланды.

Новости в Вашем регионе