Көші-қон қызметіне - 26 жыл

Көші-қон мәселесі Қазақстан тәуелсіздігін жариялап, көк туын желбіреткен күннен бастап-ақ көкейтестілігімен ерекшеленгені айқын. Бұрынғы Кеңестер одағы кезінде келіп қоныстанған кейбір ұлт өкілдері өзінің тарихи Отандарына көшіп кете бастады, сол сияқты шетелдердегі қандастарымыз да елге қарай көш басын бұрды. Осының нәтижесінде өткен кезеңдерді ел басынан өткен түрлі жағдайларға байланысты төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қазақтың басы егемендіктің алғашқы жылдарында-ақ бір мемлекетте, бір Отанда, Қазақстанда тоғысы бастады.
 

Көші-қон қызметінің тарихы 1993 жылдың 5 сәуірінен басталды, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі №256 қаулысы - «Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесі туралы» елдің визалық-төлқұжаттық қызметінің қайта ұйымдастырылып, ал оның негізінде жаңа бөлімше құрылуына негіз болды. Бұл қайта ұйымдастыру заман талабына сәйкес Қазақстанда болған өзгерістердің тікелей салдарынан болды. 1999 жылы төлқұжаттық-визалық қызмет көші-қон полициясы болып қайта аталды. Органның қызмет міндеттері мен құрылымы өзгерді. Қазақстанға келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың елде жүріп-тұру тәртібін реттеу қажеттілігі туындады. Уақытша тіркеу, тұрақты тұруға ресімдеу, азаматтықты ресімдеу, куәліктер мен төлқұжаттарды беру мемлекеттік маңызды және қажетті істер.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялаған кезде ІІМ құрылымында қоғамдық тәртіпті күзетудің бас басқармасының құрамына кіретін екі бөлім: төлқұжаттармен жұмыс істеу, виза істеу және шетел азаматтарын тіркеу бөлімі болғаны баршаға белгілі. Төменгі бөлімшелерде төлқұжаттармен жұмыстың төлқұжаттық және визалық міндеттерін атқаратын біріңғай қызмет жұмыс істеді. Басқарма алдында жеке басын куәләндыратын қазақстандық құжаттарды әзірлеу мен төлқұжаттарды айырбастауға дайындаудың міндеті тұрды. Сондай-ақ азаматтық халықты құжаттандыру, визалық жұмыс және шетелдіктердің келуін бақылау мәселелері бойынша өзіндік Қазақстандық нормативтік базаны әзірлеу. 
Шортанды АПБ бастығы полиция полковнигі Азамат Ташкенбайұлы Аушакимовтың қатаң бақылауымен көші-қон қызметі тобы қызмет атқаруда. Қызмет саласында 5 қызметкер жұмыс жасайды. КҚҚТ басшысы полиция майоры Ғалымжан Жақыпжанұлы Жақыпжанов бастаған, сонымен қатар КҚҚТ аға инспекторы полиция майоры Бибігүл Дастанқызы Бекбаева, КҚҚТ инспекторы полиция капитаны Айнұр Қуандыққызы Дубербаева, КҚҚТ инспекторы полиция аға лейтенанты Акбар Қанатұлы Бегалин және КҚҚТ жетекші маманы Марат Лаззатұлы Мусинов. Шортанды АПБ көші-қон қызметі тобымен Халықты құжаттандыру және тіркеу бөліністері, қызметкерлері аудан аумағында азаматтарды жеке куәлікке және төлқұжатқа құжаттандыру барысында жаппай жұмыс жасалынады. 
Осыған орай Шортанды АПБ көші-қон қызметі тобының қызметкерлерін 5 сәуір төл мерекесімен, яғни 26 жылдығымен құттықтай отырып, дендеріне саулық, еңбектеріне жеміс, отбасыларына бақыт, амандық тілейміз.
 

Новости в Вашем регионе