Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу

5 қараша күні аудан әкімдігінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның мәжіліс өтіп, оның жұмысына аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасова қатысты. 

дын алу бойынша жұмысы туралы Шортанды аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Азамат Аушакимов ақпарат жасады.
Аудандық полиция бөлімі басшысының мәлімдеуінше ағымдағы жылдың 9 айында былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыс мен құқық бұзушылықтың өсуі байқалады, биылғы жылы оның саны 15 жеткен. Осы тоғыз айдың ішінде 19 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тауып, 10 адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған.
Апта сайын алдын алу шаралары мақсатымен «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Мас жүргізуші» рейдтік шаралары өткізіледі. Өткен мерзімде автокөлікті алкогольдік немесе нашамен мас болу жағдайында 51 жүргізуші тіркеліп, ҚРК әкімшілік құқық бұзушылық туралы 608 бабымен әкімшілік жауапқа тартылған.
Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша тоғыз айда 487 адам профилактикалық есепке қойылған. ҚРК ӘҚ 73 бабы бойынша отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында 59 адам әкімшілік жауапқа тартылған. «Тұрмыс, бақылау, алкоголь» жедел-профилактикалық шарасы жоспарлы түрде жүргізіледі.
Қылмысты алдын алудың бір түрі әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу болып табылады. Есепті кезеңде ауданда 2033 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, 9160769 теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынған. Негізгі-ұйымдастырушылық шаралар жоспарына сәйкес «Хулиган», «Бомж», «Мен қарсымын» жедел-профилактикалық шаралары «нөлдік төзімсіздік» қағидаты бойынша жүргізіледі. 
 

Новости в Вашем регионе