Кәусар І дәрежелі дипломмен марапатталды

Ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпан аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 1-7 сынып оқушыларының XIV «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық байқауы өтті. Осы байқауда Шортанды №3 қазақ орта мектебінің 3 «Ә» сыныбы оқушысы Сұраухан Кәусар І дәрежелі дипломмен марапатталды.
 

Аталмыш байқауда республикамыз барлық өңірінен 536 оқушы өз жобаларын қорғап, өз бақтарын сынады. Байқауға Ақмола облысының Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Сандықтау, Шортанды аудандарынан, Степногорск және Көкшетау қаласы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан барлығы 18 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды 11 оқушы (9 жұмыс) иеленді. Осы сайыскерлер арасында Шортанды ауданының атынан Шортанды №3 қазақ орта мектебінің 3 «ә» сынып оқушысы Сұраухан Кәусар «Жан-жануардың сүйегін пайдаға асыру» тақырыбында өз ғылыми жобасын сәтті қорғап, нәтижесінде І дәрежелі дипломмен марапатталды. Кәусар бұл жобаны жетекшісі Тоқтамұрат Ермекбол мұғаліммен 2016 жылы бастаған болатын. Үш жыл бойы зерделеп, зерттеп нәтижесін көрсете білген Кәусар республикалық байқауда ғылыми жобасының пайдасын дәлелдей білді. Кәусар мен жетекшісін осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз.
 

Новости в Вашем регионе