Кәсіпкерлік негізін үйренушілер қатары көбейіп келеді

Өткен жылдан бері ел Үкіметінің және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен еліміздің бірнеше қалалары мен облыстарында «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл игі жұмыс сол уақыттан бері ауданымызда да қолға алынып, жерлестеріміз кәсіпкерліктің негізін үйреніп, жеке кәсібін ашып жатыр.

Өткен аптада Шортанды аудандық «Кәсіпкерлер палатасында» «Бастау бизнес» жобасының 2018 жылғы екінші кезеңін аяқтаушыларға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шәдей Бақтыбай сертификаттар табыс етті.

Аталмыш кезеңді 17 тыңдаушы аяқтап отыр. Олардың қатарында өз кәсібін шаштараз, сұлулық салоны, монша қызметі, құс өсіру, ет және сүт бағытындағы мал өсіру, жылыжай тағы басқа да қызметтермен байланыстырсақ деген азаматтар мен азаматшалар көп. Сонымен бірге кәсібін жаңа ашуға талпынғандардың қатарында жұмыс жасап келе жатқан ісін кеңейтуге құлшынғандар да бар.

Қазіргі күні Новокубанка ауылында кәсіпкерлікті оқытудың 3 кезеңі басталып кеткен. Бұл ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік негізімен таныстырудың үлкен мүмкіндігі.

Новости в Вашем регионе