ХV облыстық жазғы спартакиадасы

24 тамыз күні Дамса ауылындағы «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде осындай орталықтардың тұрғындары арасындағы ХV облыстық жазғы спартакиадасы өтті. Спартакиадаға 5 ауданның «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» қатысты.

Жалпы мұндай орталықтар зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша өздерінің ата-аналарын (жарын) күтуге және қамқорлық көрсетуге міндетті кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жастағы балалары (жары) жоқ немесе шынайы себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық сырқаты бар, бас еркінен айыру орындарында жүрген, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен) туыстары бар бірінші және екінші топтағы мүгедектердің және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарт адамдардың тәулік бойы уақытша немесе тұрақты тұруына арналған мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады. Сондықтан да мұндай мекеме тұрғындары арасындағы өтіліп отырған спартакиада олардың жігерін оятып, салауатты өмір салтын ұстануға, өздеріне деген сенімділік пен спортқа деген сүйіспеншіліктерін оятары хақ. Және де олардың өмірге деген қызығушылығы мен құлшынысын арттыра түспек.

Дамса ауылындағы «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» спартакиадаға деген дайындығын ауласын безендіруінен-ақ байқауға болатын еді. Түрлі шарлар орнатылып, жалаушалар ілінген. Осыдан-ақ, олардың спартакиадаға деген ынтасы мен ықыласын байқауға болады.

Спартакиада қатысушылардың салтанатты сап түзеп шерумен келуімен басталды. Мемлекеттік Әнұран орындалып, спратакиада туы көтеріліп, алауы жағылды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының әлеуметтік мекеме үйлестіру қызметі бөлімінің бас маманы С.С.Құсайынов пен 24 тамыз күні Дамса ауылындағы «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.И.Горкушевалар жиналған көпшілік пен қатысушыларды құттықтап, сәттілік пен жеңіс тіледі.

Спартакиадада Целиноград ауданындағы Малотемофеевка «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», Біржансал ауданындағы «Мейірім» «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», Бурабай ауданындағы Щучинск қаласында орналасқан «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», Бұланды ауданы Макинск кентіндегі «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» және ауданымыздағы Дамса ауылындағы «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» тұрғындары арасындағы спорттық сайыс қызықты да тартысты өтті.

Спортшылар дойбы, шахмат, тоғызқұмалақтан, кегель ойынынан, допты шығырыққа лақтыру, дартс және спорттық жүрістен сайысқа түсіп, өздерінің шеберлігі мен ептіліктерін, ой өрісі мен жылдамдықтарын көрсетті.

Спартакаиада қорытындысы бойынша 1 орынды Целиноград ауданындағы Малотемофеевка «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» иеленсе, 2 орынды Бурабай ауданындағы Щучинск қаласында орналасқан «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», ал 3 орынды Біржансал ауданындағы «Мейірім» «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» иеленді. Жеңімпаздардың барлығына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Спартакиада соңында спортшылар аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының өнерін тамашалады.

Новости в Вашем регионе