«Ғылыми шеру» танымдық шарасы

Бүгінгі жас ұрпақ-ертеңгі ел тірегі.Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана  ұлт тілегі, мемлекет  пен халық мүддесі орындалмақ.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр»,- деген сөздерін  есімізден  шығармауымыз керек.

Қазақтың дарынды ұстазы Ахмет  Байтұрсынов «Елді  түзетуді  бала оқыту ісін  түзетуден  бастау керек», - деп  өз  ойын  білдірген. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары.

Бүгінгі бастауыш сынып балаларына арналған жаңа буын оқулықтары жаңаша  оқытуды, баланың  бағдарламаны игеруіне     ықпал  жасайтын  білім  беру  үрдісін       оңтайлы     ұйымдастыруды  талап  етеді. Баланың  жеке  басын дамытудың басты  кепілі - сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы болып  табылады.

Шағалалы  орта  мектебінде  бастауыш  сынып  бірлестігінің «Ғылыми шеру»  тақырыбында  онкүндік   өткізілді.

Барлық  өткізілген ашық сабақтарда, сынып сағаттарында және сыныптан тыс іс-шараларға   ұстаздар  мен  бастауыш сынып оқушылары белсене атсалысты.

Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін  тиімділігіне  сәйкес шебер  қолдана  білді. Сабақтардың және  басқа  да  іс-шаралардың  барысы  жүйелі  құрылды. Сабақтарға бастауыш  сынып  мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасалып, жоғары  баға берілді.

Аталмыш  онкүндіктің  ерекшелігі  іс-шараның  ашылуы, жабылуы және басқа да жоспарлы жұмыстар бағдарламалары үш тілде өтті.

Іс-шаралар  барысында  бастауыш сынып оқушыларының үш тілге деген қызығушылықтарының  жоғарылығы   байқалды.  Мұнымен  қатар  оқушылар арасында «Ғажайып  фигуралар» атты көлемді шығармашылық көрме ұйымдастырылды.

Онкүндік қорытындыланып, белсене қатысқан оқушылар және жеңімпаз командалар   мақтау  қағаздарымен  марапатталды.

Новости в Вашем регионе