Есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел

2019 жылдың ақпан айында Жарқайың ауданының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы филиалының, ірі, орта және шағын кәсіпорындарының қатысуымен есепке алынған тұлғаларды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

     Дөңгелек үстел отырысында келесі сұрақтар түсіндірілді:

1.Сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібі.

(В. И Печкурова.)

2. 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолдау шараларын іске асыру (Д. С. Фролов)

3.Бас бостандығынан айыру орындарынан, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары.

(М. А. Дуденко)

     Мұндай кездесулер бас бостандығынан айыру орындарынан сотталған адамдарға, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға пәрменді  әлеуметтік-құқықтық көмек  көрсетуді қамтамасыз ету, осы адамдарды жұмысқа орналастыруды және оқытуды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, пробация қызметімен және кәсіпкерлік субъектілерімен тығыз өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін маңызды мәнге ие.

Новости в Вашем регионе