Еңсесін еңбек көтерген

 Қазақта «ойы жүйріктің – есесі мол» деген жақсы бір мағыналы сөз бар. Ол рас. Бүгінгі адымы қарқын алған нарық заманында жеке кәсіптерін дөңгелетіп, кәсіптің көзі мен нәсібін тауып, тындырымды тірлік етіп отырған еңбекқор жандар ортамызда жетерлік. Бірі несие алып, несібесін тапса, енді бірі азын-аулақ жиған теңгесіне кәсібін бастаған. Нарықтық заманның көшіне ілігу бүгінгі күннің басты талабы. Іліккен күннің өзінде бәсекеге қабілетті болу шарты тағы бар. Жалпы белсенді әрекетке шақырып, шағын және орта бизнес субъектілері тұрғысынан алғанда мемлекеттің қолдауымен тарихы 80 жылға жеткен біздің Павлодар  өңірі бұл жағынан ілгері дамып отыр. Осы кәсіпкерліктің  жас талғамайтынын павлодарлық ардақты атпал азамат көп мәрте дәлелдеп отыр. Ол тіпті, өз балаларына да дұрыс бағыт-бағдар беруінің арқасында жоғары лауазымды қызметтерде отыр. Үлкен арқалы кәсіптің иесі болып отырған ардагер жан – Аманжолов Әмен Аманжолұлы.

ғасырдан  аса  бір  салада
Еңбек кітапшасында екі-ақ жазуы бар,білім-білігі мол сексеннің сеңгірін алқымдап қалған Әмен Аманжолұлы өзінің 60 жылға тарта еңбек жолының 53 жылын тек бір салаға арнаған. Қажымай, талмай қызмет етіп, сауда-саттық  саласының қыр-сырын меңгеріп, еселі еңбегінің шырайлы үлгісін көпшілікке көрсетіп келе жатқан еңбекқор адам. Жарты ғасырдан аса уақытта  сүйген ісінен ләззат алу – адамның нағыз бақыты деуге болады. Мамандықты дұрыс таңдап, өмірінде дұрыс қадам басып, нәтижелі еңбектің өнімін көрсетіп, еңсесін еңбекпен көтеріп отырған бақытты жан деуге толық негіз бар.
Павлодардың орталық көшесінде 800 шаршы метр жерді алып жатқан 200-ден аса бөлмеден тұратын 4 қабатты,  алдыңғы беті мрамордан қапталған зәулім үйдің бүгінгі қожайыны да осы Әмен ағамыз. Бұл арнайы жобамен жасалған ғимараттың бөлмелері көптеген мекемелер мен жеке кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерге жалға берілуде.  Тіпті жертөлесінде «Тамаша» кафесі жұмыс жасап, ғимараттың маңайындағы ұйым қызметкерлеріне қызмет көрсетуде. Шағын той-домалақтар өтетін қызық-думан ордасы. 
Құрылғанына 80 жыл болған облысымыздың құрылысы 80-90 жылдары қарқын алған кезең болды. Сәулеткерлер В.П. Фесенко, В.А. Комаров, Н.Л. Розенберг, В.И. Наумовалар Конституция алаңын салуды аяқтаған кез. Акад. Сәтбаев көшесінде дәстүрлі қазақ ұлттық сәулет үлгісінде – аркалы жақтаулы терезелі, әшекей торлы, қасбеті терразитті сылақпен сыланған, ұлу тасты блоктармен қаланған ғимараттар (сәулеткер М.З. Қабдуалиев) салынғанын тарихи деректерден білеміз. Сондай әдемі ірі құрылыстың бірі – осы ак.Сәтбаев, 50 үй. Бұл ғимаратты Әмен Аманжолұлы Жақсылық Ысқақовқа жобаны арнайы тапсырыспен салдыртқан.  Сол кездерде барлық аудандарда ірі сауда нүктелері мен дүкендерді де бір жобаға сәйкес негізде етіп салғыздан осы ағамыз.

сүйген    істен    рахат  алу
Сауда-саттық жұмысының қыр-сырын жастайынан жетік сезінген қарт  кәсіпкер бүгінде бірнеше кәсіптің өңін ашып,бәріне бас-көз болып отыр. Ісіне ұқыпты, есебіне жүйрік басшының жігері-мығым, бойы -тың, ойы – сергек, сөзі – батыл,алған адымы- алшаң, көтерген жүгі-үлкен, білікті маман, қабілетті қаржыгер, бұрынғы коммунист, қазіргі күннің шебер кәсіпкері, қайырымды да жомарт, парасаты – кең, адамгершіл азамат, ардақты әке, белсенді ардагер, еліне құрметті  жан. Осы сипаттама – Әмен ағамызға әбден тән.
«Сүйген істен рахат алу, қызметкердің бабын табу, ең бастысы – қазақтың қара есебін білу, Алланың бергенін алу, жақсыны тану» - кейіпкеріміздің өмірлік ұстанымы», - деген қағиданы ұстанған.

Қабілетімен   көрінген  
Әмен Аманжолов 1939 жылы Омбы облысының Шарлақ ауданының 350 қазақ отбасы бар Жұматай ауылында дүниеге келген. Алғашқы төменгі 4 класты қазақша, орта буыннан бастап Шарлақ ауданының орыс мектебін бітіріп, Омбының қаржы-несие техникумын, есеп-экономикалық колледжін бітіріп,1958 жылы 20 жастағы қылшылдаған жас комсомол путевкасымен Железин ауданының тың игеру ХІХ партсъез атындағы совхозына келген. Осы жылы жүрек қалауымен  Әмина есімді өмірлік серігін тапқан. Кішкентай жер үйде, кейін екі бөлмелі кішірек үйде отбасылық кезеңін бастаған. Бастапқы бетте есепші-заправщик, кейін көзге түсіп бөлімше бухгалтері, содан совхозының бас есепшісінің көмекшісі болып 5- 6 жыл қызмет жасайды.
Ісіне өте сақтықпен қарап, жауапкершілікті сезінген жас маманның қабілет-бейімі көрініп, партия қатарына алынып, орталық партия ұйымының хатшысы болған белсенді коммунист.
1965 жылы Железин ауданының сол кездегі партия ұйымының І - ші хатшысы Старусов Сергей Иванович ауданға келіп, үлкен жиналыс өткізгенде сұрақтарды жаудыртып, белсенділігімен көзге түскен Әмен Аманжоловты жиналыстан соң шақыртып, бірінші хатшыдан мадақ алған.Сол кезде Фомин деген рабкоптың бастығы жұмысының салғырттығынан қызметінен босап жатқан кез екен. Совхоз директоры, парткомы  бар осы сұрақты талқылап жатса керек.
-Міне, алдарында отырған жоқ па, алыстан іздеп қайтесіңдер?,- деген хатшының сөзіне Әмен аға: 
 -Жоқ, мені жарты жылдасын Михайловка совхозына бас бухгалтерлікке жібереді»,- депті.
 -Сен коммунистсің бе? Жұмысты ретке келтір, мен сосын өзім сұраған жеріңе есепші қылдырамын,- деп, осы лауазымға тағайындаған екен.
Содан  ІХ партсиез совхозының тұтынушылар одағының төрағасы болып 9 жыл, содан Железін ауданның жұмысшылар комитетіне көмекші болып еңбегі абыроймен көрініп, тағы да 9 жыл қызмет етіп, Успенка ауданының тұтынушылар одағының төрағасы болып 3 жыл қызмет істеп, 1987 жылы облыстық тұтынушылар одағының төрағалығына сайланды. Қызмет істеген кездерде Орталық одақтың ішкі сауда бөлімдерінде сауда-саттық жұмыстары жанданып, Малайзия, Жапония, Австрия, Швеция сынды ірі мемлекеттермен тығыз қарым-қатынаста болды. Осы саладағы  елеулі еңбегінің нәтижесі ВДНХ-да көрініп, Орталық Комитеттің Қызыл Жұлдызына ие болған тұтынушылар одағының «Құрметті қызметкері». «Құрмет белгісі» орденінің иегері атанды. Осы жерден зейнетке шықса да, қызметін әлі жалғастырып отырған еңбек ардагері.  

Әкеден   қалған  жалғыз
Әкесінің жалғыз тұяғы, соғыс баласы. Әкесі Тайгаринов Аманжол бригадир, колхоз бастығы, бөлімше басқарушысы сияқты қызметтерде істеген.   Анасы-Қабира Смағұлқызы – үй шаруасындағы әйел. Екеуі де тыл еңбеккерлері  болды. Соғыс жылдарында ата-анасы тыл еңбекшілерімен бірге жоғарыдан берілген жоспарды орындау үшін күн-түн демей барлық шаруашылыққа қатысып, колхоз жұмысына белсене араласқан адамдар. Ресейдің заңына байланысты ата-анасы зейнет жастағы адамдар болса,  үйдің жалғыз баласы  болғандықтан әскер қатарына алынбаған.
30 жылдан аса бақытты отасқан жұбайы Әмина Сансызбайқызының  мамандығы – қаржыгер болған.
82 жасында 1975 жылы әкесі Әмен дүниеден өтіп, араға 9 жыл салып, 1984 жылы 71 жасында Қабира анасы өмірден озған.

Еңбектену-  береке   бастауы
Есепке жүйрік  Әмен аға 90-шы жылдардың соңындағы тоқырауда өткен өзі салған ғимаратты  жекешелендіру саясатына ілінеді.  Иә, 50 жылдан аса кәсіпкер шаруашылығын жүргізіп үйренген білікті маман барлық есеп-қисабына өзі бас-көз. Өйткені, өмірлік тәжірибесі мол. Мемлекеттік кірістер басқармасына төленетін салықтар мен оның есебін де өзі тексеріп, әлі күнге  дайындап, көз қиығын салып отырады. Тірлігі тиянақты кәсіпкердің жұмысы да жеңіл емес. Себебі, өзі жетекшілік ететін үлкен ғимараттың жалға беріліп отырған іскер аға есептен еш жаңылмауды көздейді. Сексенге жақындаған еңбек ардагері өмірде сергек болуыма сүйген ісінің себебі бар екенін мақтанышпен айтады.  
Еңбектену қашанда береке мен ырыздықтың бастауы. Ал, адал кәсіп жасау – адам болмысының туып-өскен жеріне деген азаматтық ұстанымын қалыптастырады. Мұны өмірдің өзі дәлелдеуде. Яғни, елінің үмітін, халқының сенімін арқалаған арда азамат қана тығырықтан шығып, тындырымды тірлігімен биік белесті бағындырады. Бастысы - кәсібіне адал. Міне, осындай ізгі қасиеттерді бойына жинаған еңбектенуге жаны құмар Әмен аға балаларын да  оқытып, еңбекке баулыды. 
Тұңғышы Зәуреш Әменқызы 10 жылдан аса экономикалық колледждің директоры. Студенттерге берген саналы тәрбие мен сапалы білімі, колледждің үлгілі жұмысы үшін биыл Елбасының қолынан «Алтын парыз» белгісін кеудесіне таққан.  Әке жолын қуған ұлы Болаты – қаржыгер. Көптеген «Темірбанк», «Аграрлық несие беру» ақпараттық бөлімдерінде қызмет істеп, қазір «БанкЦентрКредит»-те бас директордың орынбасары. 4 немеренің бірі Әйгерім Англияда бірнеше тіл меңгерген КИМЭП-тің магистранты,  шөберелері де аталарын мақтан тұтады. Әке еңбегі - балаларына,  өскелең жастарға өнеге  деген осы.
Елбасы Жолдауында: «Шағын бизнес – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс» деген сөзі осыған саяды.

Қайырымдылық – сауапты іс
«Жомарт бергенін айтпайды» деген бар. Десе де, Әмен Аманжолұлы кәсіпкерлерге үлгі ету мақсатында қайырымдылық шараларына қаншалықты жақын екені тағы бар. «Садақаны сауыңда бер» дегендей, 15 жыл қатарынан Циалковский 19-ғы ауылдан келген балаларды оқытатын балалар үйімен тығыз байланыс жасап, қайырымдылық көрсетуде. Үлкен мерекелер мен діни мерекелерден сырт қалмайды. Осы мекемелер арқылы атаулы мереке мен түрлі шараларда тұрмысы төмен отбасы балаларына қаржылай және материалдық қолдау көрсетіп тұрады. «Мектепке жол», «Қайырымдылық»  сынды акцияларға белсене қатысады. Жуырда ғана өткен облыстық ардагерлер кеңесінің өткен облыстық семинарында «Тамаша» меншік кафесінде аудандардан келген ардагерлерге тегін ас бергізді.
- Садақаның үлкен-кішісі болмайды. Барыңмен бөлісу – ол да бір жомарттық. Қолыңда барға қанағат етіп, қашанда қайырымдылық іске қарекет жасау керек. Оған қоса, қазір дамыған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Тоқшылық заман. Еліміз аман. Қай кәсіппен айналыссаң да, жолы бар, мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Ұқсата білген ұтады. Сондықтан азаматтық белсенділік пен елге еңбек сіңіру парызын жоғары қою керек, – деп сөзін қорытады атпал азамат.
      
 

Новости в Вашем регионе