Əділет министрлігімен атқарылған жұмыстар, өткізілген реформалардың нәтижелері 

Қазақстан Республикасы Əділет министрлігімен атқарылып жатқан жұмыстар, өткізілген реформалардың нәтижелері туралы бірнеше сериялы бейнероликтерді назарларыңызға ұсынамыз. Бүгін адвокаттық қызмет туралы баяндаймыз.

2018 жылғы 5 шілдеде адвокаттық қызметті жетілдіруге, сондай-ақ білікті заң көмегін қамтамасыз етуге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңы қабылданды.

Заң үздік әлемдік практикаларды ескере отырып әзірленген және заң көмегін көрсету сапасының жеткіліксіз деңгейі, азаматтарды жосықсыз адвокаттардың және жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің әрекеттерінен қорғау тетігінің болмауы, олардың біліктілігін тұрақты арттырып отыру қажеттігі, адвокаттардың жеткіліксіздігі сияқты және басқа да қазіргі проблемаларды шешуге бағытталған.

Атап айтқанда, кіру жарналарын алуға тыйым салу белгіленген, бұл кәсіпке жас заңгерлердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және адвокаттық қауымдастықтың қатарын толықтыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, адвокаттардың санын арттыру олардың арасындағы бәсекелестікті, сондай-ақ заң қызметтерінің сапасын арттырады.

Айта кету керек, жарты жылда адвокаттар қауымдастығына 300-ден астам адвокат тіркелді.

Сондай азаматтардың бірі – Шымкент қаласының адвокаттар алқасының Қаратау заң консультациясының адвокаты Нұрғали Əмзеев.

Ақпарат көзі adilet.gov.kz

Новости в Вашем регионе