Депутаттар ауданға келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Нұр Отан" партиясы Фракциясының мүшелері Гүлжан Жанпейісқызы Қарағұсова мен Татьяна Ивановна Яковлева жұмыс сапарымен ауданға келіп, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Халық қалаулылары сапарын Шортанды кентінде орналасқан полиэтилен өнімдерін шығарумен айналысатын "Полимер Пласт" ЖШС-нен бастады. Мұнан кейін "Қайнар" Балалар-жасөспірімдер клубы" МКҚК мен шұжық өнімдерін шығаратын "Ақпан-17" ЖШС-не барып, кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында аудан тұрғындары Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мәселесін қозғап, сондай-ақ баспана алу үшін несиелердің пайыздық ставкалары, Ақмола облысын газификациялау жөнінде сұрақтар қойды. Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бақылауға алынды.

Новости в Вашем регионе