Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

15 наурызда «Nur Otan» партиясының Шортанды аумақтық филиалымен «Жұмыспен қамту бөлімі» ММ және «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ бірлесе отырып, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ауданның жұмыссыз тұрғындарына және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған бос орындар жәрмеңкесін өткізді.
 

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізудің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмысқа орналасуға көмек көрсету, әлеуметтік қорғау шаралары туралы ақпарат беру.
Жәрмеңке қатысушыларға өздерін қызықтырған бос жұмыс орындары туралы қажетті ақпарат алуға, түрлі ұйымдардың өкілдерімен кеңес алуға және өз түйіндемелерін қалдыруға мүмкіндік берді. 
Қазір мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамға бейімделуіне үлкен көңіл бөлінуде. Заңнамаға сәйкес, әрбір жұмыс берушінің штатында мүмкіндігі шектеулі қызметкерлердің болуы міндетті. Олар қарапайым адамдармен қатар өз еңбегімен табыс табуға және кәсіби тұрғыда дамуға құқылы, – деп атап өтті аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Ахмедия Қожамсейітов.
 

Новости в Вашем регионе