Бірлік пен тұрақтылық негізі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы барша қазақстандықтың жүрегіне зор сенім ұялатты. Жолдауда Мемлекет басшысы айқындап берген 10 міндетті ел жағдайын жақсартып қана қоймай, әлемнің ең дамыған елдерінің қатарынан көрінуімізге бастайтын даңғыл жол деп айтуға болады.

Жетінші міндетте рухани жаңғыруымыздың негізі – адами капиталға көп көңіл бөлінген. Бұл ретте Елбасы заманауи білім беру жүйесі озық және бәсекеге қабілетті бүгінгі экономикалық сұранысқа жауап беруі қажет дей отырып, мұғалім беделінің өсуін талап етті. Орта білім беру саласында оқытудың жаңартылған білім беру мазмұнына көшудің басталғандығы, педагогтардың біліктілігін арттыру қажеттілігі, оқулықтар мен кадр мәселесі бойынша жоғары оқу орындарында педагогтарды дайындау мәселесіне мән беру керек екендігін айта келіп, жасөспірімдерге математикалық, жаратылыстану пәндерін терең меңгеру, сонымен қатар әртүрлі технопарктер мен бизнес инкубаторлар желісін құру керектігін ескертті. Сондай-ақ, Президент мемлекеттік тілдің беделін көтеру, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру қазақстандықтардың міндеті екендігін, яғни, жасөспірімдердің өзгеріске бейім және жаңа білімді меңгеру үшін бәсекеге қабілетті болу керектігін баса айтқан болатын. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.
Жалпы, Елбасы жүктеген міндеттердің жүгі ауыр болғанымен, маңызы ерекше деп түсінемін. Осындай қиын-қыстау кезеңде бірлік пен ынтымақ, бейбітшілік пен тұрақтылық сияқты құндылықтарымызға берік болсақ, қазақ халқының алмайтын қамалы, бағындырмайтын шыңы болмайды.

Новости в Вашем регионе