БИОЭЛЕКТР СТАНСАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Жезқазған қаласында биоэ­лектр стансасының құрылысы баста­лады. Бүгінгі таңда жоспардан нақты іске көшкен жоба авторларымен қала басшысы Қайрат Бегімов кездесті.

Кеңгір селосынан 2 шақырым қашықтықта орналасатын биоэлектр стансаның құры-лысына 8 242 млн теңге жұмсалмақ. Бұл соманың 10 пайызы «Kazakhmys Holding» ЖШС есебінен, қалғаны – инвестициялық салымдар. Тұрмыстық қатты қалдықтардан электр энергиясын өндеу жобасына испандық «Green Solutions» компаниясы қолдау танытуға келіскен. Қала әкімінің және жа­уапты мамандардың қатысуымен өткен жұмыс кеңесіне сол компанияның бас менед­жері Диего Габриель Амандо Гарсиа және стансаның құрылысын жүргізетін мердігер «ААЕngineering group» фирмасының жасыл технология бойынша инженер-электригі Вяче­слав Чурносов келді.

– Биоэлектр стансасының құрылысы 2019 жылдың наурызында басталып, сол жылдың аяғында аяқталады деп жоспарлануда. Қуаты 5 Мвт болатын жаңа нысан 70 жұмыс орнын ашады. Бүгінгі отырысқа инвестор да келіп отыр. Күнтәртібіндегі ендігі мәселе күн электр стансасының құрылысын жоспарлау. Ол үшін Кеңгір селосы аумағынан қажетті 20-25 га жер­ді бөлу қажет, – деді Қайрат Баяндыұлы. Ал, «Kazakhmys Holding» ЖШС өкілі Валерий Си­багатуллин жобаны таныстырды.

– Қоқысты қайта өндеу қазіргі таңда өзекті. Сондықтан, 2015 жылдан бері осы сұрақ бойынша жобалау жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде бүгінгі күні энергия өндірудің тиімді технологиясы таңдалды әрі сенімді серіктес те табылды. Сонымен қатар, жасыл энергия өндіруді мақсат еткен біздің компа­ния күн электр стансасының құрылысын 2019 жылы бастамақ. Бұл стансаның қуаты 20МВт дейін болады деп күтілуде, – деді өз сөзінде. Сондай-ақ, стансаның құрылысы барлық талаптарға сай болатынына сендірді. Өйткені, құрылыс компаниясы бұған дейін Славакия, Түркия, Армения, АҚШ, Оңтүстік Кореяда дәл осындай станса тұрғызған. Қазірдің өзінде аталған елдерде барлығы 38 станса сәтті жұмыс істеп тұрған көрінеді.

Жезқазған-Сәтбаев қалаларынан күніне жиналатын 300 тонна тұрмыстық қалдық бірінші сұрыпталады. Одан кейін өнделеді. Өндеудің бірінші сатысында газ алынады. Кей­ін газдан жарық алынады. Бұл технологияны іске асыру үшін құрылыс материалдары, түрлі металдар, ауыл шаруашылық қалдықтары, көлік дөңгелектерінің рәзеңкесі мен полиэти­лен және т.б. қоқыстағы заттар қолданылмақ. «ААЕngineering group» фирмасының жасыл технология бойынша инженер-электригі Вяче­слав Чурносов тіпті биоэлектр стансасына апа­ратын 1-1,5 шақырымдық жол да тұрмыстық қалдықтардан жасалатынын айтып қалды.

– Дамыған елдерде жолды қоқыстардан жасайтын тарнайы ІТ-технология бар. Біз де соны пайдаланбақпыз. Тұрмыстық қалдықтарға пайдалы бактериаларды қосу арқылы жол жасаймыз, – деді.

Жезқазғанға алғаш келген биоэлектр стансаның құрылысын қаржыландыратын ин­вестор Диего Габриель Амандо Гарсиа жоба сәтті жүзеге асып, әріптестік ұзаққа созылаты­нына сенім білдірді. Отырыстан соң қала бас­шысы бастаған топ қоқыс полигоны мен нысан құрылысы басталатын жерге атбасын бұрды.

 

Новости в Вашем регионе