«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБА БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кəсіпкерлер палатасы "Бизнес Бастау" жобасының екінші бағыты шеңберіндегі "Жаппай кəсіпкерлікті жүзеге асыруды дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жоба бойынша ауыл тұрғындарын кəсіпкерлік дағдыларға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеуге бағытталған жұмыстарын одан əрі жалғастыруда.

Осы мақсатта 2019 жылдың басынан бастап Константинов ауылдық округінің аумағында "Бастау Бизнес" жобасы бойынша тоғыз адам оқудан өтті. Олар Ихиев Ержан Тоқбайұлы; Смағұлов Қайрат Қанатұлы; Марычев Виктор Николаевич; Кизиев Анатолий Сергеевич; Мусин Ерлан Айтқазынұлы; Богатырева Светлана Викторовна; Дик Оксана Викторовна.

Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификат алады. Оларға бағдарлама бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 6% жеңілдікпен шағын несие алуға мүмкіндік береді (шағын несиенің ең жоғары сомасы 8000 АЕК).

Новости в Вашем регионе