Баршамызға ортақ іс

Жалпы қоршаған ортаны таза ұстау, айналаны абаттандыру, көркейту-көгалдандырудың маңызы аса зор.

Шортанды кентінде абаттандыру айлығы аясында бірқатар жұмыстар атқарылып, қазіргі уақытқа дейін жалғасу үстінде. Атап айтқанда, көшелерге шағын сәулеттік нысандар қойылып, саябақта 10 шырша, 52 қарағай, 30 қайың, 30 терек, татар үйеңкілері, көшеттер отырғызылды. Орындықтар, қоқыс жәшіктері, гүлдер егілген вазондар қойылды.

Бейбітшілік көшесіне 10 терек, 10 үйеңкі, Жеңістің 30 жылдығы көшесіне 15 қайың отырғызылды. 5 мың гүлдер, 300 гладиолустар егіліп, аптасына екі рет көшеттер мен гүлдер суарылып тұрады.

Стадион мен орталық саябақтағы кіру аркаларының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бейбітшілік, Абылай хан, Лермонтов, Молодежная, Северное шоссе көшелері бойынша кентішілік жолдарды жөндеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бордюрлер, шарбақтар сырланып, ағаштар ақталды. Көшелер шөптер мен қурап қалған ағаштардан тазартылып жатыр.

Аумақты абаттандыру бойынша 670 жеке тұлға, 50 заңды тұлғаларға хабарламалар таратылды. Абаттандыру ережелерінің 505 бабына сәйкес 6 хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұлға 3 адам тартылды.

Өмірді сүйсең жайнаған, таза болсын айналаң демекші аумақтың тазалығы, кентіміздің гүлденген келбеті өз қолымызда. Аумақты абаттандыру – баршамызға ортақ іс.

Новости в Вашем регионе