Ауылда шағын кәсіпкерлік қарқынды дамиды

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында "Бастау Бизнес" негізінде биыл да Шортанды ауданында жұмыстар жалғасын табуда. 6 тамыз күні аталмыш бағдарлама бойынша оқып, кәсіпкерліктің негізін үйренуші 16 адамға сертификаттар табыс етілді.

Ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқыту ауданда 3 кезеңін аяқтап отыр. Сертификатты табыстау барысында Шортанды аудандық «Кәсіпкерлер палатасының» директоры Саржан Қуанышов, аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» директоры Ерболат Жапаров және кәсіпкерліктің негізін үйретуші, халықаралық дәрежедегі «Атамекен» ҰКП және «Бастау бизнес" бизнес-тренері Гүлбану Ибраимова құттықтап, сертификаттар табыс етті.

Өз кезегінде айлық курсты оқып, кәсіпкерліктің негізін үйренушілер арасынан да алғысын айтып, ықыласын бідіргендер болды. Новокубанка ауылында өткен 3 кезеңінен 16 адам мал шаруашылығы, жол бойы қызметін көрсету, монша, шаштараз сынды шағын кәсіпкерлікті жоспарлап, кәсіпкерліктің негізін үйреніп шықты.

Новости в Вашем регионе