Ауылда абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды

Елді мекендер аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту айлығы аясында Бозайғыр ауылдық округінде ауқымды жұмыстар атқарылды.

Округтің үш елді мекендерінде абаттандыру бойынша тұрғындарға түсініктеме жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда Бозайғыр ауылында 8 жиын, Төңкеріс станциясында 5 және Күлшін ауылында 2 жиын өткізілді. 60 астам сенбіліктер ұйымдастырылып, тұрғындарға 400 астам ескертулер тапсырылды. 6 аула иелері ҚР ӘПК 505 бабы бойынша абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ауылдық округ аумағындағы 8 бей-берекет үйінділер жойылып, Төңкеріс станциясының екіқабатты үйлер аумағынан 120 тонна қоқыстар шығарылды. Күлшін ауылында жеке аулалардан 300 тоннаға жуық қалдықтар шығарылды. Астана-Көкшетау, Бозайғыр-Төңкеріс жолдары бойында сенбіліктер өткізіліп, Бозайғыр көлі мен Төңкеріс станциясындағы теміржол маңайы тазартылды.

Бейбітшілік көшесі бойындағы ағаштар мен бағандар ақталып, екі зираттың қоршаулары сырланды. Зират маңынан 20 тоннадай қоқыстар шығарылды.

Сондай-ақ мешіт жанындағы қоршаулар, билбордтар сырланды. Бозайғыр ауылы мен Төңкеріс станциясындағы спорттық балалар алаңқайларын абаттандыру жүргізілді.

Қазіргі уақытта «Аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында ескерткіштің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысы батырларының есімі жасылған мрамор тақталарды жөндеу жүзеге асырылады. Бозайңыр ауылының жол қабатын қалпына келтіру, жолдардың бөліктерін жөндеу де жүргізіледі. Атап айтқанда Береке, Абай және Бейбітшілік көшелері. Ал Болашақ, Бейбітшілік, Сарыарқа, Тәуелсіздік, Лян атындағы және Радиостанция көшелерін тегістеу жүргізіледі.

Көктемгі су тасқынынан кейін аудандық маңыздағы жолдар дұрысталды, 1 және 7 шақырым Кұлшін-Бозайғыр бағыты. Тасқын кезінде су шайып кеткен сутоғаны да қалпына келтірілді. Аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жалғаса бермек.

Новости в Вашем регионе