Аудан әкімінің есеп беру кездесуі Шортанды кентінде

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Шортанды кентінде аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасованың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Есепті кездесуге аудан әкімнің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, құқық қорғау органдарының өкілдері, дербес бөлімдердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері жиынтықталды және 2019 жылға арналған міндеттер белгіленді. Есеп беру кездесуі барысында аудан әкімі биылғы жылы аудан алдында тұрған ауқымды міндеттер туралы айтты. Сонымен қатар, Гүлнұр Әнуарбекқызы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша және ауыл шаруашылығын дамыту, өнеркәсіп өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарларға тоқталды.

Шортанды кентінің әкімі Гүлнар Абдрахманова 2018 жылғы Шортанды кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары және алдағы жылға межеленген міндеттер туралы баяндама жасады. Өз баяндамасында Гүлнар Жеңісқызы әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларының дамуына жан-жақты тоқталып, жиналғандарды өткен жылы атқарылған жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған шаралар да назардан тыс қалмады.

Есепті кездесу кент тұрғындарын Шортанды ауданының мерейлі мерейтойына орай «Шортанды ауданына 80 жыл» мерейтойлық медалімен және аудан әкімнің алғыс хаттарымен марапаттаумен жалғасты. Мерейтойлық медальдармен Мустапа Абукарович Харсиев, Мамет Сүйінұлы Куртбариев, Татьяна Ильинична Старчак, Кәрім Бектас, Мақпал Дәмекқызы Кизаева, Давид Амаякович Зилифян, Бахыт Бекқожақызы Қойбағарова, Ольга Алексеевна Чугайкина, Серік Жанбайұлы Айтхожин, Сәкен Нұрымжанұлы Ерғалиев, Нина Борисовна Малюга, Ольга Петровна Маевская, Галина Ивановна Бутто марапатталса, Раиса Ивановна Зизяк, Алтын Серікбайқызы Қасенова, Валерий Иванович Филоненколарға аудан әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

Новости в Вашем регионе