Атқарушылық жазбаны жасау мәселелері және оларды шешу жолдары

Шортанды аудандық сотында «Атқарушылық жазбаны жасау мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Бейбіт Нұржан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және экономикалық қылмыстарды ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес төрелік институты сот жүктемесін оңтайландыру және экономикалық қылмыстарды ізгілендіру институтының меншік құқығын қорғауды күшейтумен байланысты өзгерістерді түсіндірді.

Судья Адина Жаркенова атқарушылық жазбаны жасаудағы әдістемелік ұсынымдармен таныстырды. Әдістемелік ұсынымдарда заңнама нормаларына сілтемелер және орындаушылық жазулар жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі жазылған.

Әдістемелік ұсынымдар әр қатысушыға жұмыста қолдану үшін әзірленді.

Новости в Вашем регионе