Астық сапасы маңызды

18 маусым күні А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына «Ақмола облыстық техникалық реттеу мен метрология департаменті» РММ өкілдері келді.

Сапардың мақсаты – сапаны бағалауға қатысты қызметтердің маңыздылығы мен жауаптылығына назар аудартуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы бұл бағытта көп жұмыс істеп келеді. Орталық базасында астық бойынша Техникалық комитет құрылған. Оның міндеті – астықтың сапасын анықтаудың мемлекеттік стандарттарын әзірлеу. Бүгінгі күні ғылыми-өндірістік орталықта Талдау орталығы жұмыс істейді. Оған екі зертхана кіреді.

Делегация өкілдері орталық қызметкерлерімен кеңес өткізіп, ғылыми-өндірістік орталықтың жұмысымен танысты. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бөлім меңгерушісі, биология ғылымының кандидаты Қайрат Құнанбаев Талдау орталығының жұмысы мен даму келешегі жайында баяндады.

Сондай-ақ, қонақтар А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мұражайын аралап көрді.

Новости в Вашем регионе