Астанаға саяхат

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 1 қазанды «Қариялар күні» деп жарияласа, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1993 жылдың 16 маусымындағы Жарлығымен қазан айының екінші жексенбісін «Мүгедектер күні» деп белгіледі.

Аталмыш күнді мерекелеу аясында Ақмола облысы мәслихатының депутаты Өміржан Сәрсенбекұлы Құрымбаев басқаратын Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Шортанды ауданы Жолымбет кентінің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" қызмет алушыларға ел ордамыз - Астана қаласына экскурсия ұйымдастырды.

Екі қабатты автобуста сапар барысында олар Қазақстанның бас қаласының қызықты орындарына барып, Ұлттық мұражайда болып, Есіл өзеніндегі паромда өзенмен серуендеді.

Сондай-ақ, осы күні Жас мекеменің дамуына үлкен үлес қосқан қызмет алушылар мен шақырылған зейнеткерлер үшін салтанатты іс-шара мен фуршет ұйымдастырылды. Әкімшілік атынан естелік сыйлықтар берілді

Новости в Вашем регионе