Астана — Ұлы Дала Елордасы

5 шілде күні Шортанды аудандық мәденииет үйінде елордасы Астана күні зор қуанышпен мерекеленіп өтті.

Астана — бар қазақтың мақтанышы. Астана 21 ғасырдың ең көркем де сәулетті қаласы. Бұл қала қазақстандықтардың қажыры мен қайраты, ерен еңбегінің жемісі. Астана – жасампаздық пен жаңашылдықтың, татулық пен бірліктің қаласы. Міне, сондықтан да Астананың туған күнін тойлау қазақстандықтардың ең үлкен мерекелерінің бірі.

Мереке шымылдығын аудан әкімі Г.Сәдуақасова жиналған көпшілікті құттықтау сөзімен бастады. Аудан әкімі аталмыш күннің маңызына тоқталып, Астана еліміздің мақтанышы мен жүрегі екенін атап өтті. Одан соң аудан әкімі «ГМК «Қазақалтын» АҚ «Центральная» Жолымбет кеніші шахтасының бас геологы Сластухин Александр Григорьевичті Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады. Сондай-ақ бұл күні «Нұр Отан» партиясы мүшелігіне өткен бірқатар қызметшілерге партия билеті салтанатты түрде табыс етілді.

Мереке көркін мәдениет үйінің өнерпаздары Орынбасарова Жұмабике, Казакова Ирина, Ерзиков Андрей, Құрмет Қамсызбай, Қадыр Лаура, Аят Аманжол, Людмила Горская, Мергенбаев Айбек, Сүндетбай Бауыржан сынды өнерпаздар мен «Русская песня» вокалдық тобы, «Шарм», «Надежда» би топтары келтіріп, көрермен көптің мерекелік көңіл күйін көкке көтерді.

Новости в Вашем регионе