Анықтама беру мәселесі түсіндірілді

Дүйсенбі күні «Жамбыл ауданының мемлекеттік архиві» мекемесінде «Архивтік анықтама беру» бойынша «Ашық есік күні» өтті.

Дүйсенбі күні «Жамбыл ауданының мемлекеттік архиві» мекемесінде «Архивтік анықтама беру» бойынша «Ашық есік күні» өтті.
Басқосу барысында аудан тұрғындары мекеме мамандарына еңбек өтілі жөніндегі анықтаманы алу, жер туралы қаулының көшірмесін алу секілді сауалдарын қойып, орнықты жауапқа қанықты. Нақтырақ айтар болсақ, Малют Гасанов 1993 жылы жұмыс істегені туралы анықтаманы қалай алуға болатынын сұраса, Асия Әлімжан аудан әкімінің 1993 жылғы жер туралы қаулысының көшірмесін алу жолдарын сұрап білді.
«Ашық есік күнінде» болған аудан тұрғындарына мекеме қызметкерлері архивтік анықтаманы беру мәселесін кеңінен баяндап, мән-жайды егжей-тегжейлі түсіндірді.
 

Новости в Вашем регионе