Андреевкалықтар спартакиаданы абыроймен атқарды

Дәстүрлі аудандық ХІV жазғы «Ақ бидай» спартакиадасының алауын биыл андреевкалықтар жақты. 21-22 шілде күндері Астана қаласының 20 жылдығына арналған аудандық жазғы спартакиада алауы Андреевка ауылдық округінде алаулады. 2 күнге жалғасқан спорттық сайыстарда андреевкалықтар спартакиаданы жоғары дәрежеде өткізіп, қонақжайлылығымен спорт сүйер қауымды бір желпінтіп тастады.

Осыған дейін бірде ысып, бірде
нөсерлеткен табиғат ана спартакиада күні
бабы мен бағын сынға салар спортшыларды
жігерлендіргендей ашық та қоңыр салқын
болды. Ауылдық округтер мен кенттер
тұрғындарын, спортшыларды, жалпы
спартакиаданы тамашалауға келген
қонақтарды автобустар, жеңіл көліктер
Андреевка ауылының стадионына әкеліп
жатты. Спартакиадаға андреевкалықтардың
бар ынталарымен дайындалғандары көрініп
тұр. Спорттық алаң таза. Алаңдағы шөп бір
тегіс етіп шабылған, спорттық құралдар мен
алаң қоршауы боялып, спортшылар мен
көрермендердің демалуы үшін ақ шаңқан
киіз үйлер тігілген. Осындай көрген көзді
қуантқан тамаша көрініс, сайысқа түсер
сайыпқырандарды жігерлендіргендей,
спортшыларды шабыттандырып, ширатып
тұрғандай. Сөйтіп, «Ақ бидай» аудандық
жазғы ХІV спартакиадасы басталып кетті.
Алдымен алаңға спорт ардагерлері мен
дүбірлі доданың қазылар алқасы мүшелері
шақырылды. Одан соң спартиакиадаға
қатысуға ауылдық округтер мен кенттердің
спортшылары салтанатты түрде
шақырылып, салтанатты сап түзеп, «мен
мұндалап» жүріп өткен командаларға қарап-
ақ, алдағы жарыстың қаншалықты сайысты
өтетіндігін болжай беруге болатын еді.
Көп күткен ұлы сәт те жетті. «Ақ бидай»
аудандық жазғы ХІV спартакиадасының
туын облыстық түрлі спорттық сайыстардың
жеңімпаздары, аудандық үздік спортшылар,
бұған дейінгі
с п а р т а к и а д а л а р д ы ң
жеңімпаздары спорт
ардагерлері Нестер Валерий
Михайлович, Бережная
Ольга Викторовна,
Островская Валентина
Федоровна, Майка Олег
Владимировичтер көкке
көтерді. Спартакиаданың ақ
туы көкте желбіреген тұста
Қазақстан Республикасының
Әнұраны орындалды.
Спартакиада факелін алып
жүру және алауын жағу рәсімі
аудандық спорттық
сайыстардың жүлдегері
Бородина Татьянаға
табысталды. Спартакиаданың
алауы жағылып, игі шараның
ашық екенін жариялады.
Аудан әкімі Сәдуақасова
Гүлнұр Әнуарбекқызы сөз
алып, жиналғандарды
спартакиадамен құттықтап,
дүбірлі додаға, сынға түсер
сайыскерлерге, командаларға
алдағы жарыстарда табыс
тіледі. Сонымен бірге
спортшылар мен
жанкүйерлер, жалпы спорт
сүйер қауым жуырда қаза
тапқан мәнерлеп сырғанаудан
Сочи олимпиадасының қола
жүлдегері, 2013 жылғы әлем
чемпионатының күміс медаль
жүлдегері, Қазақстанның үш
дүркін чемпионы Денис
Тенді еске алып бір минут
үнсіздік жариялады.
Стадионда аудандық
Мәдениет үйінің, андреевкалық
көркемөнерпаздар ұжымдары билер, әндер
орындап сайыскерлерге құрмет көрсетті.
Спорттық іс-шара Шортанды ауданының
тумасы, Қазақстанның рекордтар кітабына
енгізілген, бүгінгі күннің батыры Сергей
Цырульниковтің жарысқа қатысушы
спортшылар мен жиналған көпшілікті
құттықтауымен және өз өнерін көрсетуімен
басталды. Аты аңызға айналған күш иесі
шынжырларды үзу, жылытқыны (грелка)
үрлеу, шегелерді байлау, тақтайға
алақанымен шеге қағу сынды өнерлерін
көрсетіп, көрермендер арасына күш сынау
ойындарын өткізді. Сергей Цырульников -
шортандылықтардың мақтанышы. Оның
көрсеткен әрбір өнеріне жұртшылықтың
қайран қалмауы мүмкін емес. Алып күш
иесіне көрермендер де зор қошемет көрсетіп,
оның үзген шынжырлары мен жылытқысын,
байлаған шегелерін таласып алып жатты.
Аудандық дене тәрбиесі және спорт
бөлімінің бастығы В.А.Дьяченко сөз алып,
сайыскерлерге жаңа рекордтар, жеңіс және
табыс тілеп, «Ақ бидай» аудандық жазғы
ХІV спартакиадасының басталғандығын
хабарлады.
Сонымен көптен күткен аудандық жазғы
спартакиаданың жарыстары да басталып
кетті. Желаяқтар түрлі қашықтықтарға
жүгіріп, желмен жарысса, волейболшылар
допты алақандарында ойнатты.
Шахматшылар жұптасып отыра қалысып,
біріне-бірі мат қоюға асықты. Спартакиадаға
жиналған көпшіліктің көңілін ерекше
тартқан қазақша күрес пен футбол ойыны
болды. Татамидің үстінде тартысқа шыққан
палуандар білек күштерімен сынасты.
Жанталаса жағаласқан палуандарға
жиналғандар қошемет көрсетіп, жанкүйерлік
танытып, шалыс кетсе, шу көтеріп жатты.
Палуандар да жамбасы мен жауырынын
жерге тигізбей, жығылса өз намысы ғана
емес үкілеп үміт артып жіберген өз елінің
намысы кететіндігін ойлап, білек күшімен
біліктілігін барынша алып, қалтарыс тұста
қарсыласын қағып түсіруге асықты. .
Екі күнге жалғасқан сайыс қызықты өтті.
22 шілде күні кешке «Ақ бидай» аудандық
жазғы ХІV спартакиадасының жабылу
салтанаты өтті. Командалар салтанатты шеп
құрып, алаңға келіп тұрды. Асқақ ән,
шалқыған күй екі күн командасы мен
жерлестерінің намысын қорғаған
спортшылардың рухын биікке көтерді.
Барлық спорт түрінен жалпы командалық
есепте үшінші орын алған Бозайғыр
ауылдық округінің командасы болды. Олар
өз округінің намысын қорғап, жыл бойы
дайындалғандықтарын осылай дәлелдеді.
Ал, Раевка ауылдық округінің командасы
екінші орын иеленсе, Шортанды кентінің
құрамасы тағы да бірінші орынмен көш
бастады.
Аудан әкімінің орынбасары
Е.Қ.Мұхамедин спортшылар мен көрермен
көпке биылғы спартакиаданың тартысты да
тартымды болғандығын айтып, құттықтап
өтті. Спартакиада жеңімпаздарына бағалы
сыйлықтар мен мақтау грамоталары,
дипломдар, медальдар табыс етіліп, қошемет
көрсетілді. Сонымен бірге «Нива» ЖШС
директоры В.Ф.Абермит ауылдастары мен
ауылдық округтің спортшыларына, жалпы
спортшылармен көрермендерге алғысын
білдіріп, қазақ күресінен жеңімпаз атанған
түйе палуанға қаржылай сыйлық тапсырды,
алдағы күндерге де ауылдастарына жеңісті
жол тіледі.
Шара соңында спортшылар мен
көрермендер естелік суретке түсіп, бірін-бірі
құттықтап жатты.

 

Новости в Вашем регионе