Алғыс хат тапсырды

Шортанды кентіндегі Рим-католик шіркеуінің жексенбілік мессасын Астана митрополиті архиепископ Томаш Пэта өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин қатысып, шіркеудің жетекшісі Мех Матейге конфессияаралық келісім мен бірлікті нығайту және қолдау ісіндегі жемісті еңбегі, сындарлы мемлекет-шіркеу қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін аудан әкімі атынан алғыс хат тапсырды.

Мех Матей әкей Шортанды кентіндегі рим-католик шіркеуінде 9 жыл қызмет жасап, қазіргі уақытта Грецияға бармақшы. Жексенбілік мессадан кейін ол шіркеуге келушілермен қоштасып, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин дін жетекшісіне Қазақстан туралы естелікке кәдесый – табақ тарту етіп, ұзақ жылғы еңбегі үшін алғысын білдірді. Мех Матейдің арқасында Қазақстандағы Польша Республикасы елшілігі аудандық билікпен тығыз қарым-қатынас жасап, білім беру, мәдениет және спортты дамыту мәселесінде достық байланыстардың нығаюына септігін тигізді.

Архиепископ Томаш Пэта шіркеу келушілеріне Рим-католик шіркеуінің жаңа жетекшісі Роберт Искжицкийді таныстырды. Аталмыш приходтың ашылған күнінен бастап оның жетекшілерінің ауысуына қарамастан, олардың бәрі мемлекет пен шіркеу арасындағы тығыз байланысты қолдайтындары атап өтілді.

Новости в Вашем регионе