Әлеуметтік желідегі мемлекеттік органдардың жұмысы

Қазақтың ұлы ақыны, ұстазы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық» атты өлеңінде ғылымы дамыған жұрттың «Алты айлық жерлерден жылдам хабар алғызған» деген өлең жолдары бар еді. Айтса айтқандай-ақ, ғылым мен технологияның бүгінгі таңдағы жетістіктерінің бірі әлеуметтік желі - ең жылдам ақпарат құралы ретінде танылды. Әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан жаңалықты дер сәтінде осы әлеуметтік желілер арқылы естіп, біліп көріп отырмыз. Бұл қазіргі таңда әлеуметтік желінің маңыздылығын көрсетіп отыр. 
 

26 наурыз күні аудандық әкімдікте аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамединнің төрағалығымен «Әлеуметтік желідегі мемлекеттік органдардың жұмысы» атты семинар жиналыс өтті. Семинарға ауылдық округтер мен кент әкімдері, дербес және мемлекеттік мекемелер бөлімдерінің басшылары қатысты. Семинардың басты мақсаты әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдарда атқарылып жатқан жұмыстарды жариялау, ақпараттармен тұрғындарды құлақтандыру болып табылады. 
Семинардың өтуі тегіннен тегін емес. Мемлекеттік органдардың жұмысын, қызметін, атқарылған істерді әлеметтік желіде жариялау мемлекеттік органдардың азаматтармен арақатынасын жақындатып, тұрғындардың мемлекеттік мекемелерге деген сенімділігін арттырмақ. 
Семинарда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәуле Қасенова, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Самал Жакеева, Шортанды аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Цэрэг Мамбет баяндамалар жасап, әлеуметтік желіні қолданудың қыр-сырымен, сонымен қатар қауіпсіздігін түсіндіріп, терминдік сөздерімен таныстырды. 

Новости в Вашем регионе