Алда ауқымды істер

Көкшетау қаласында өңірлік коммуникациялар қызметінің конференц-залында өткен брифингте аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасова ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындылары және алға жоспарланған шаралар жөнінде баяндады.

Гүлнұр Әнуарбекқызы ауданда орналасқан тау-кен өнеркәсібінің, азық-түлік, құрылыс индустриясы өндірістерінің жұмысы туралы айтып берді. Айта кетсек, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 31,1 миллиард теңгені құрап, облыс аудандары арасында бірінші орында тұр. Аудан өнеркәсіптері индустриалық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асырса, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Соныман қатар аудан әкімі ағымдағы жылға даму жоспарлары жөнінде де айтып өтті.
Ақпараттық алаңда журналистер аудан әкіміне сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.

Новости в Вашем регионе