АҚҚУЛЫНЫҢ АЛЫП АДЫМЫ

Жуырда облыстық «Ауыл Ардагері» қоғамдық ұйымы ауылшаруашылық басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий Дубовицкийдің ұйымдастыруымен Кеңес үкіметі кезінде  облысымыздың әр аудандарында басшылық лауазымды қызметтерде істеп, ауылшаруашылық саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ Е.Касенов, М.Асылханов, Ә.Жүніспеков, Г.Акимченко, Р.Искаков, М.Канаев,М.Сейсембеков, А.Файзуллин сынды белсенді азамат- ардагерлері, сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары А.Жантурин Аққулы ауданына іс-сапармен барып келді.

Солтүстігін Павлодар және Шарбақтымен, шығысын Алтай өлкесі, оңтүстігін Шығыс-Қазақстан, батысын Май ауданымен жағалай бөлетін  Ертіс өзенінің бойында орналасқан жер - Аққулы мекені. Бұрын Павлодар қаласынан 120 шақырым жерді 2 сағат уақытта барса, қазір жөнделген  жолмен 1 сағатта жетуге әбден болады.

Он бір ауылдық округі бар Аққулы ауданы қой, табындық жылқы, шаруашылығы, қарбыз және дәнді-дақылдар өсірумен шұғылданады.13 мың тұрғыны бар Аққулы ауданы Павлодар облысының 8,1  мың кв. шақырым аумағын алып жатыр. Аймақ экономикасының негізі ауыл шаруашылығы өндірісі болып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді екі бағыт бойынша жүзеге асыруда. 

ҚАРБЫЗДЫ МЕКЕН. Аудан аумағы бетегелі өсімдігі бар жай толқынды жазық жерлерден тұрады. Тұзды көлдерге де бай. Топырағы  қою қызғылт, механикалық құрамы бойынша  құмды келгендіктен, бұл жердің диқандары қарбыз егуді кәсіп еткен.Сондықтан да,  ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық қарбыз өсімдігі қарбыз өсірумен бірнеше жыл айналысып, «қарбызды мекен» атанған өлке.

«Көп жылдан бері жерді иелік етіп, осы шаруашылықтың кәсібін жіті меңгеріп, өнімін жылдан-жылға көбейтіп келе жатқан «Қайрат» ШҚ-на ардагерлер аялдады.

«Қарбыздың мекені» деген атпен танылған Аққулы ауданының қарбыз өсіру шаруашылығы соңғы жылдары  жаңаша бір серпін алып, түрлі сұрыптарын  өсіріп шығаруда.  Бүгінде аққулылық диқандар қарбыз өсіруді шебер меңгеріп, бақша дақылдарының осы бір сұрыптарын сатылымға шығарып, халықтың ырзалығына бөленіп отыр»-деп сөзін бастаған аудан әкімінің ауыл шаруашылық саласы бойынша орынбасары Рысбек Серікұлы ардагерлерді егістікке әкелді.

Жиырма жылға тарта дәнді-дақылды егумен шұғылданып, ауылшаруашылықты дамытуда ерекше үлесін қосып келе жатқан  «Қайрат» ШҚ-ның отбасылық кәсіпкер мүшесі, Әйгерім Қайратқызының айтуынша, отбасы бұл кәсіпке әбден дағдыланған екен.  Ең қымбат түрі «торпедаға» сұраныс көп дейді. Қарбыздың жемісі сарысын да сатылымға жіберген. Қызыл жемісті қарбызға қарағанда аса тәтті болмағанмен, сатып алушылар қызыққаннан алуда. Бұл будандастырылып өсірген қарбыздың нақты атауын әзірге жасырын түрде ұстаймыз дейді кәсіп иелері. 

Күзгі кезде, әсіресе, асқазан, бүйректері ауыратын адамдарға бағалы азықтық және диеталық өнімді арзан бағамен алып пайдалану өте тиімді.

СУ ЖАЮ АРҚЫЛЫ СУАРМАЛАУ. Аққулы ауданы егіс тік жерді су жаю арқылы суармалау әдісін пайдалануда. Жер – күтіп-баптағанға береді дейді. Сондықтан да, аудан тұрғындарының асыраушысы – суармалы егіншілік. Егіншілік саласында пайдаланатын суды үнемдеу – бүгінгі күннің басты талабы. Дақылдарды өсіру үшін су үнемдеу технологиясын өндіріске енгізу осы аймақта қолға алынуда. Яғни, егістік пен бақшалықты тамшылатып суғару және егістік жерлерді жаңа технология бойынша тегістеу негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру жұмыстарын жүргізуді көздеген.  Биылғы жылы Аққулы ауданы егіншілері де тамшылатып суғару әдісімен ондаған гектар жерге картоп өсіруде.

Суарылатын танаптарды ұзақ уақыт су бастыру арқылы картоп дақылын суару түрін қолдануда.

Бұл әдісті қолдану үшін арнайы жоба жасалынып, ол министрлікте бекіп, пайдалануға рұқсат та берілген. Аққулы ауданы Ертіс өзені бойынан төменде орналасқандықтан, субастыру тәсілін қолданғанда, құрылғыдан жіберілген су 15 шақырымға дейінгі аумаққа жайылады екен. Содан, себілген картоп, я дәнді -дақылға іле-шала су жіберіліп, қажетті деңгейіне, су өсімдік көктеп шыққаннан піскенге дейін уздіксіз әр түрлі қабатта ұсталады. Сөйтіп, суармалы егістік жердің 93-95 пайызын игереді екен. Осы әдісті қолдаулардың арқасында егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғар уәдісін кеңінен енгізу,  бау құрылыстары, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстарды ілгерілетіп, жүргізуге болатынын аудан әкімі Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов ардагерлермен кездесуінде егжей-тегжейлі баяндап берді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Смағұлов ардагерлерге ауданды аралатып, жас мамандарға салынып жатқан үйлер мен орталықтан жаңадан ашылған алаңға апарды. Бауыржан Рахметұлы: «Ауданның экономикасын дамыту негізгі басымдықтарының бірі шағын және орта бизнес. Елеулі үлес шағын орталық бизнесті  іске асыру бағдарламасы ның екінші бағыты «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит беру үшін ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесеміз. Мемлекеттік және жеке инвестицияларды әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға  тарту», -деп түсіндірді.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУДА. Ардагерлер Аққулы ауылына кіре берісте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кең аумақты алып жатқан үлкен инфрақұрылым нысандарының тартылғанының куәсі болды. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың бағдарламаларына байланысты ауданда белсенді жұмыстардың жалғасып отырғанын аудан әкімінің орынбасары Рысбек Тастамбеков атап берді.  Мұнда қазіргі заманауи талапқа сай қонақ үй, АЗС, 100 орындық асхана, машина қоятын жылы орындар т.б нысандар бар. Бұл нысандарды салуға берілген қаражатпен инженерлік желілерді тартып, халыққа берлуі керек», - деп түсіндірді.

Мейрам Жантемірұлының «Аққу» агросервис шаруашылығы аға буын көріп қайтты. Ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Шәкенов, осы саланың мал шаруашылығы бөліміне жауапты  маманы Бауыржан Жантенұлы мемлекеттік «2020» бағдарламасымен жұмыс істеп жатқан «Аққу» шаруашылығын келген қонақтарға таныстырды. Бұл шаруашылықты суаратын су себетін, картоп жинайтын жаңа заманғы техникамен қамтамасыз етілген. Шаруашылық жылдан-жылға дамып, көкөніс сақтайтын қойма, жатақхана салынуда. Көптеген адамдарды жұмыспен қамтиды. Жерді сауаруды 200 га дейін жеткізу жоспарланған.  741 га жерді сүт фермасын өндіруге жұмсамақ көрінеді.  Бүгінде 4 заманауи  жер суаратын машина техникасы істеп тұр. Электр желісі мен насос стансалары да тартылған. Қазіргі күнде 420 га жерге картоп салыныпты.

ЖЕР - АДАМНЫҢ БЕСІГІ.

- Ел бақыттың есігі, жер адамның бесігі. Адам туғаннан бастап, ел мен жер бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады. Жерді аялап, баптай білсек, оның берері көп. Тиімді пайдалана білсек, жағдай жақсарады. Сондықтан да, халықты осыған ынталандыруымыз керек. Малдың басын көбейту - ең тиімді әдіс. Қазіргі нарық заманында бұл әсіресе керек, - деп ойын көпшілікпен бөлісті көпті көрген,  жерді жіті зерттеп, ауылшаруашылық  саласына еңбегі сіңген білгір маман М.Канаев ақсақал. 

Осы жолғы сапардан аға толқынның байқап, көңілге түйгендері – өңірдегі аграрлық секторларды әртараптандыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстардың тиісті нәтиже беріп жатқаны.

Новости в Вашем регионе