Абай әлеміне саяхат

«Жаңа әлемге жаңа жол» жол картасы республикалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 7 тамыз күні аудандық орталық кітапханада Абай Құнанбаевтың 173 жылдығына орай шара өтті.

Шараны ұйымдастырушы - аудандық «Жас Отан» жастар қанаты. Аталмыш шараны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрайымының бірінші орынбасары А.Ш.Қожамсейітов ашып, өткізіліп отырған шара мақсатымен таныстырды.

Шара барысында Шортанды №3 орта мектебінің оқушылары - облыстық Абай оқуларының 2 орын жеңімпазы Бердімұрат Қызғалдақ пен облыстық Абай оқуларының 1 орын жеңімпазы, республикалық Абай оқуларына жолдама алған Абдығұлова Гүлсара Абайдың өлеңін оқып, әнін шырқаса, Мықтыкөл негізгі мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Уатхан Табиғат пен аудандық орталық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.Г.Сломинскаялар Абай Құнанбаевтың шығармаларының құндылығы туралы айтып өтті.

Осылай Абай әлеміне саяхат жасаған шарада оған қатысушылар ұлы ақынның шығармаларының қай дәуірде болмасын құнын жоғалтпайтындығын ашып көрсетті.

Новости в Вашем регионе