А. ШКАРУПА ҚАРЖЫ ЖЫМҚЫРУҒА ҚАТЫСТЫ КҮДІККЕ ІЛІНДІ

Саран қаласының бұрынғы әкімі, ал қазіргі кезде Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы 215 млн теңгені жымқыру күдігіне ілікті. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заң тарапынан жақында Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалған Шкарупаға қатысты шағым бар. Осыған дейін Саран қаласы әкімі лауазымында болған. Ол 2015 жылы Қарағанды облысы Саранда жылуды есептеу құрылғыларын орнатуға бөлінген 215 млн теңгені жымқыруға қатысы бар деген күдікке ілікті. Есептеуіш құралдар бос қабырғаларға орнатылған. Аталған факті бойынша біз қылмыстық істі тергеуге кірістік», - деді Қ. Қожамжаров Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесі отырысында.

Естеріңізге сала кетейік, Анатолий Шкарупа биылғы 9 қазанда ҚР Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалған болатын.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тарифтерді заңсыз көтерген монополистерді жазалауды талап етті.

Новости в Вашем регионе