Сот орындаушылардың қызметіндегі заң бұзушылықтар

«Батыс Қазақстан облысының Үйлестіру кеңесінде 2017-2018 жылдардағы мемлекет пайдасына өндіру бойынша уәкілетті органдармен қабылданған шаралардың заңдылығы мен тиімділігі талқыланды» деп хабарлайды БҚО прокуратурасы.

Облыс прокуратурасымен жүргізілген тексеріспен мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың қызметінде заң бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, атқару құжаттары тең бөлінбеген, мәжбүрлеп орындату шаралары қабылданбаған, орындау үшін ақша негізсіз ұсталған, борышкерлер жауапкершіліктен жалтарған. Мысалы, 2016 жылдан бастап сот орындаушымен мемлекетке 10,1 млн.теңге бережақ азаматтың жер теліміне тыйым салынбаған. Борыштары 40 млн. теңге болатын 26 азаматқа шет елге шығуға тыйым салынбаған. Ал бір азаматтың қарызы 2 млн.теңге болса да, ол 2017 жылы бірнеше рет Ресей Федерациясына барған. Бұдан бөлек, бережақтары бар тұлғалар өздерінің шоттарынан қаражатты кедергісіз алып жүрген. Айналым 1 млрд. теңгеден астам. Сот орындаушылар 256 атқару құжатын мүлікке тыйым салмастан және өндірместен қайтарған. Нәтижесінде бюджетке 4,7 млн. теңге түспеген. Жеке сот орындаушылар өндіру үшін тұлғалармен бұрын төленген жалпы сомасы 1,9 млн. теңге болатын 139 әкімшілік айыппұлды заңсыз қабылдаған. Ішкі істер органдарында сот орындаушыларға жолданбаған өндірілуге тиісті 15,3 млн.теңгені құрайтын 1 352 әкімшілік материал анықталған. Прокурорлар 11 мыңнан астам борышкердің табысы мен еңбекақысы, 3 мың тұлғаның тыйым салынбаған мүлкінің бар екенін анықтапты. Тексеріс нәтижесінде прокуратура үш сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, қадағалау актілерімен бюджетке 60 млн.теңге қайтарылса, әкімшілік жауапкершілікке 12, тәртіптік жауапкершілікке 60 лауазымды тұлға тартылған. Әділет министрлігіне палатадан төрт жеке сот орындаушысын шығару, бір жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізілген. Жиналыстың қорытындысы бойынша Әділет департаментіне, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына, Ішкі істер департаментіне және Мемлекеттік кірістер департаментіне жүйелі бұзушылықтарды жою үшін шара қолдану және жұмыс тиімділігін арттыру нұсқалған.

«puls.webpress.kz»

Новости в Вашем регионе