Рухани кештен құр қалмаңыз, арулар!

"Қарашаның 14-і күні Ақ Жайық өңіріне келетін танымал журналист, блогер Марфуға Шапиян "Заманауи қазақ әйелінің бейнесі" тақырыбында семинар-тренинг өткізеді" деп хабарлайды БҚО Дін істері басқармасы мамандары.

Әйел жамағатымен болатын кездесу Батыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасына қарасты дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтеді. Оралдағы облыстық орталық мешіттің төменгі қабатында өтетін тренингке қатысу үшін алдын ала whatsapp желісіндегі 87074443658 және 87011333039 нөмірлері арқылы тіркелу қажет. Семинар-тренингке қатысушыларға сертификаттар табысталады.Марфуғаның мөлтек сырын тыңдап қалғыңыз келсе, рухани кештен қапы қалмаңыз!

Новости в Вашем регионе