Оралдықтар қаланы көркейтуге кірісті

Бүгін Оралда жалпықалалық санитарлық-экологиялық айлығы аясында көктемгі алғашқы сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Акцияға облыс әкімі Алтай Көлгінов пен қала әкімі Мұрат Мұқаев те атсалысып, ағаш отырғызу шарасына қатысты.

Қала мен оның аумағын қысқы қалдықтардан арылту, шаһарды абаттандыру, жасыл қаланың келбетін сақтау мақсатындағы тазалық шарасына 17113 тұрғын тартылды. Сонымен қатар 614 мекеме-ұйым жұмылдырылды. Оған қоса 1000-нан астам студент, 105 ПИК-тен 500 жұмысшы сенбілікке атсалысты. Сенбілік жұмыстары «Жұлдыз» шағынауданында, Тәуелсіздік, Согласия, Шолохов көшелерінде, Жайық өзені жағалауында, Желаев трассасында жүргізілді. Бұл күні қаладан 720 текше метр қалдық шығарылды. Сонымен бірге ағаштар мен жиектастар әктеліп, Зашаған кентіндегі М.Мөңкеұлы көшесінің бойына 120 түп шырша ағашы отырғызылды.

Санитарлық-экологиялық акция алдағы 1 маусымға дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Новости в Вашем регионе