Жер мәселесіне байланысты сауалыңыз бар ма?

Олай болса Оралда өтетін жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жер қатынастарына қатысты процедураларда артық бюрократизмді болдырмау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатындағы жер мәселелері бойынша тегін семинарға қатысыңыз.

 

Дәріскер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастар мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат Бақытжан Базарбек қатысады. 
Азаматтар келесі мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала алады:
- жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру; 
- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту; 
- жерге орналастыру үдерісі, жер учаскелерін сегменттеу; 
- игерілмеуіне және нысаналы пайдаланылмауына байланысты, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою; 
- өз бетімен құрылыс; 
- жер учаскелерін, шекара салу; 
- су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызыл желілер, санитарлық-қорғау аймақтары; 
- жер учаскелерін заңсыз басып алу, рейдерлік. 
Осы мәселелерге қатысты сұрақтарыңыз болса, семинарға келіп қатысуға шақырамыз! Қосымша мәліметті 8 (7112) 51-01-94 нөмірі арқылы алуға болады. 
Семинар өтетін күні: 2018 жылы 15 қараша, сағат 15:00-де. 
Өтетін орны: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы-201, облыстық мәслихаттың үлкен залы.

Новости в Вашем регионе