23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні

Қазіргі уақытта кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті ерекше басымдыққа ие. Азаматтардың әл-ауқатын арттыру процесінде мемлекеттік қызметшілер маңызды рөл атқарады, себебі олар мемлекеттік реформалардың жетекшілері болып табылады. Мемлекет қабылдап отырған шаралар азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2002 жылғы 20 желтоқсанда өткен 57-сессиясы әрбір жылғы 23 маусымды мемлекеттік қызметшілер күні деп жариялау жөнінде қарар қабылдап, БҰҰ-ға мүше әрбір елді осы күнді мереке ретінде атап өтуге шақырған еді.

Осыған орай «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына 2013 жылы 23 желтоқсанда өзгертулер енгізіліп, 23 маусым біздің елімізде де мемлекеттік қызметшілер күні болып белгіленген болатын.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік жүйенің мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөлді атқаратын маңызды бөлшегінің бірі. Кез келген ұйымдасқан қоғамда мемлекеттік басқарусыз болмайды, демек ол мемлекеттік қызметкелерсіз болмайды деген сөз. Билікке деген сенім заманауи қоғамның сұранысына икемді әсер ете алатын мемлекеттік қызметшіден басталады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында мемлекеттік қызмет сәтті реформаланып, мемлекеттік аппарат кәсіби, кешенді, бәсекеге қабілетті болып отыр. Әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті - адал, әділ, қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту. Сонымен қатар, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге; мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға тиіс.

Әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндегі мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру, мемлекеттік органдарға деген қоғамның сенімін нығайту, мемлекеттік қызметшінің жоғары атағы үшін жас мемлекеттік қызметкердің бойында мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Кез келген мемлекеттің келбетін, оның жұмысының тиімділігін оның концепциялары емес, қызметшілері анықтайды. Қоғам, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Билікке сенім мемлекеттік қызметшіден басталады. Ол халық пен билік арасындағы дәнекерге айналып, заманауи қоғамдағы талаптарды шешуге бейім болуы тиіс. Сондықтан, мемлекеттік қызметті таңдаған адамдар зор құрметке лайық. Әр қызметкердің міндеті азаматтардың конституциялық құқы мен бостандығын қорғау, ел экономикасының және әлеуметтік саласының тұрақты дамуына жағдай жасау, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Біздің ауданның тиімді дамуы сіздердің биліктіліктеріңіз, тәжірибе, ұмтылыс пен жігерліктеріңізге байланысты. Мемлекеттік қызметшілердің мойнына аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мен болашағына арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жүктелген. Шын жүректен сіздерге зор денсаулық, елімізге бейбітшілік пен келісім, отбасыларыңызға амандық тілеймін, халыққа қызмет ету жолындағы игілікті ісі атқаруда сәттілік пен кәсіби шеберліктеріңіз шыңдала берсін!

 

Новости в Вашем регионе