23 маусым – Қазақстан полициясының тарихы мен ерекше күні

23 маусым – Қазақстан полициясы күні. 1992 жылы дәл осы күні ҚР Жоғарғы кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органы туралы» заңды қабылдады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыспен күресудегі полицияның аса маңызды рөлін ескере отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2007 жылы 5 маусымда 23 маусым кәсіби мереке - Полиция күні екендігі жөніндегі Жарлығын жариялады, осы күннен бастап полиция қызметі өз кәсіби мерекелерін атап өтіп келеді.

Қазақстан полициясы күні – бұл Қазақстан полициясын құруда аянбай және оның қатарында еңбек еткендерге деген құрмет белгісі. Барлық уақытта да ішкі істер органы құқықтық тәртіпті, жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қажетті институт болып келеді. Қазіргі күні ел өмірінде ішкі істер органының жұмысының байланысы көп.

Алдағы мереке алдында Шортанды аудандық ішкі істер бөлімінің құрылымы туралы айтқымыз келеді. Шортанды АІІБ бастықтың бірінші орынбасары полиция майоры Садуов Рүстем Қалқаманұлы, бастықтың тергеу жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Қаңтарбаев Жандос Жүнісұлы, бастықтың қызмет ісі жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Әшімов Шыңғыс Бауыржанұлы, бастықтың кадр қызметі бойынша орынбасары полиция подполковнигі Жанбосынов Қуат Елубайұлы, Жолымбет кентінің басшысы полиция подполковнигі А.С. Бектемиров.

Полиция кезекші бөлімінен басталады деп сеніммен айтуға болады. Адамдар алдымен полицияның кезекші бөліміне хабарласады. Кезекшілік бөлімнен тіркеп алу ғана емес, сонымен бірге кезекшілік уақытында қылмысты жедел ашу үшін полицияның кешендік күшін тиімді пайдалану, алғашқы тергеу жұмысын сапалы жүргізу жұмыстары толыққанды ұйымдастырылады. Сондықтан да бұл қызметшілерге қойылатын талап ерекше. Тіл тапқыштық, білімділік, кәсіпқойлық және де көптеген жағымды қасиеттерге жедел аға кезекші инспекторлары полиция майоры Р.Д.Турашев, полиция майоры А.А.Маевский және олардың көмекшілері полиция старшинасы Е.А.Қалиев, полиция сержанты А.М.Каратоковтар ие.

Ұйымдасқан қылмыс, есірткі саудасы, экстремизм, жеке адамға қарсы қылмыс, тонау, ұрлық, қылмыскерлерді іздестіру – қылмыстық полиция бөлімінің бүгінгі қызметі.

Қылмыстық іздестіру қызметкері – құрметті және аңызға айналған мамандықтың бірі. Қылмыстық істі тексеру полициясы қызметкерлерінде көп күшін жұмсайтын ең қызу жұмыс қайнап жатады. Осындай қиын да күрделі жұмыста қылмыстық полицияның жедел уәкіл бөлімінде полиция майоры А.Д.Самбетов, полиция майоры А.Д.Жандарбеков, полиция аға лейтенанты А.А.Маменов, полиция аға лейтенанты Д.А.Айдарханов, полиция старшинасы А.Т.Садуақасовтар еңбек етуде.

Тергеушінің қызметі асырмай айтсақ «қауіпті және қиын», бірақ, барлық қиыншылық пен тәуекелділікке қарамай нағыз маман ғана зұлым қылмыстың және жабық әрекеттің ең айлалы түйінін шеше алады. Тергеу бөлімін, жауап алу және криминалдық-жедел тобы бөліміне полиция подполковнигі Ж.Ж.Қаңтарбаев жетекшілік етеді. Тергеу бөлімінде 2 тергеуші қызмет етеді полиция аға лейтенанты Д.С.Құсайынов, полиция аға лейтенанты Е.Г.Ералин.

Анықтау бөліміне полиция майоры Б.Н.Кемешов басшылық жасайды. Онда 1 анықтаушы полиция аға лейтенанты К.Б.Сабыров қызмет етеді.

Жедел-криминалдық топтағы криминалистің жұмысы аса жауаптылық пен көп еңбекті талап ететін жұмыс. Бұл қызметті бүгінгі күні полиция майоры Е.Т.Қадыров атқарып келеді.

Шортанды аудандық ІІБ көптеген қызмет түрлері бар. Солардың бірі - полиция подполковнигі Ш.Б.Әшімов басқаратын әкімшілік полиция бөлімі. Бүгінгі күні әкімшілік полиция бөлімі құрылымына көші-қон полициясы тобы, азаматтық және қызметтік қаруларды бақылау тобы, уақытша қамау изоляторы, әкімшілік тәжірбие тобы және жол-көлік инспекциясы тобы кіреді.

Жол-көлік инспекциясы инспекторы, полиция капитаны М.К.Рахметовтің, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты С.Б.Батырғалиевтың жұмысы қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу, жол қозғалысы кезіндегі қылмыстардан азаматтарды қорғау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

Көші-қон полициясының аға инспекторы, полиция майоры Г.Ж.Жақыпжанов жетекшілік ететін аталмыш бөлімде полиция майоры Б.Д.Бекбаева, инспектор-полиция аға лейтенанты А.К.Бегалин, полиция аға лейтенанты О.Ж.Тулбасов және жетекші маман М.Л.Мусинов қызмет етеді. Көші-қон полициясы уақытша тіркеуді рәсімдеу, азаматтық, төлқұжат беру, заңсыз көші-қонмен күресу сынды өзге де қызмет түрлерін көрсетеді.

Уақытша қамау изолятор қызметі тобында полиция капитаны К.А.Аманжолов, орынбасары полиция капитаны Ж.Д.Самбетов, полиция аға сержанты В.П.Заремба, полиция аға сержанты Ж.А.Қырықбаев, полиция сержанты Е.К.Сүлейменов, полиция сержанты А.К.Омарбеков, полиция сержанты М.А.Досандар қызмет етеді.

«100 нақты қадам» Ұлттық жоспары аясында 2015 жылдың қарашасында Президент жергілікті полиция қызметі туралы заңға қол қойды. Осыған орай 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жергілікті полиция қызметі құрылды. 11 учаскелік инспекторлар мен 2 учаскелік ювеналдық полиция қызметкері қызмет көрсетеді. Олар атап айтсақ, полиция майоры А.К.Тонкубаев, полиция майоры Р.Т.Жұмабеков, полиция майоры Т.Б.Батырғалиев, полиция майоры Т.С.Шарипов, полиция майоры Ж.С.Шарипов, полиция капитаны Н.Е.Жұматаев, полиция капитаны В.П.Жинов, полиция капитаны А.А.Землянко, полиция аға лейтенанты М.С.Ахмурзаев, полиция лейтенанты И.М.Капарулин, полиция қатарындағы А.Б. Файзула, ювеналды полиция тобының инспекторлары полиция капитаны С.Ермек, полиция қатарындағы Ж.Ж. Ташенова. Жергілікті полиция қызметі құзіретіне азаматтардың қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті қорғау және құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу кіреді. Бұл қызметте әке жолын қуған қызметкер бар. Ол полиция майоры Р.Т.Жұмабеков. Оның әкесі Жұмабеков Темір Бөкешұлы 30 жыл бойы зейнет демалысына дейін Шортанды АІІБ милиция қызметінде еңбек еткен.

Полиция күні қарсаңында АІІБ өзге де қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс айтпай кетуіміз жөн болар. Осындай қызметкерлеріміздің бір тобы АІІБ Штабының аға инспекторы, полиция майоры А.А.Бексұлтанова, инспектор полиция капитаны С.Г.Сағындықова, ААТ инспекторы полиция капитаны Н.Ф. Гупперт, 2-ші арнайы тобының инспекторы, полиция капитаны Д.Б.Жұмағалиева, АІІБ кеңсенің жетекші маманы М.Ф.Федянина, қаржымен қамтамасыз ету тобының бас маманы Р.М.Инкарова, мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекші маманы Д.А.Сүлейменова. Тылдан қамтамасыз ету тобында полиция сержанты И.Сапарғалиев, полиция сержанты Н.Болатұлы, полиция аға сержанты В.Ж.Ибраев, полиция сержанты М.Күнтуар.

Ішкі істер бөлімінің ардагерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Бүгінгі жетістігіміз олардың тәжірбиесі. Денсаулықтары мен жас-шамаларына қарамастан әркезде де көмектесуге дайын, қылмыспен күресу ісіне шынай берілгендігі жас қызметкерлерге үлгі болып келеді. ІІБ ардагерлеріне және жақындарына зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір мен отбасыңызға жылылық, амандық тілейміз!

Құрметті ішкі істер бөлімінің мереке күні қызметте болатын қызметкерлері, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Кәсіптік мереке күні олар өз постыларында болып, құқықбұзушылықтың алдын алып, азаматтардың тыныштығын қорғайды. Бұл - олардың жұмысы, қазақстандық полицейлердің абыройлы міндеті.

Новости в Вашем регионе