20 жылдық нәтижелі істер

М.Ғабдуллин  атындағы  Зеренді  қазақ орта  мектебінің   актілік  залында  алпыс  делегаттың   қатысуымен  «Нұр  Отан» партиясының   Зеренді   аумақтық  филиалының  кезектен  тыс  XXII  конференциясы  өтті.

Күн  тәртібі  мен  регламенті  бекітілгеннен  кейін  қатысушылардың  қарап, талқылауына   төрт  мәселе   ұсынылды.

Бірінші  мәселе: «Нұр  Отан  партиясына 20 жыл». Жаңару мен  әлеуметтік  даму   кезеңі» бойынша   партия ардагері, аудандық  мәслихаттың   депутаты  Әлия  Таласбаева  баяндама  жасады.  Ол  «Отан»  партиясының   құрылу  тарихы, елде  қалыптасқан  өтпелі  кезең   кезінде   осы    саяси  құрылымның   тек   әлеуметтік-экономикалық  проблемаларды   ғана  емес  идеология   мәселесін  де  шешуге атсалысып,  оңтайлы жетістіктерге   қол  жет- кізгенінен   кең  көлемді  ақпарат  берді.  Бірнеше  саяси  күштер  бірігіп,   аталған  партия «Нұр Отан» атауына   ие  болған     жылдан  бастап, айтарлықтай    ауқымды  жұмыстар  атқарылған. Жылдар  өткен  сайын   партия   қатары  сандық  өсумен  қата,  кәсіби  мамандармен   толығып  отырды.  Бірегей  мәліметтер   картотекасы  қалыптастырылып,  аймақтық    және  бастауыш   партия  ұйымдары  құрылды.  Бірауыздан  сайлан- ған  партия  төрағасы, Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың   басшылығымен   партия   елімізде   саяси  тұрақтылықтың  сақталуы  бағытында    кең  ауқымды  шараларды   жүзеге  асырды. Ақпарат  беруші  аудандық   филиалдың   құрылуы,  өткен  жолына    жан-жақты  тоқтап,  сөзінің  соңында   барлық  нұротандықтарды   айтулы  мереке- партияның  20  жылдық  мерейтойымен  құттықтады.

Ары  қарай   күн  тәртібіне   сәйкес   екінші  мәселе   «Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2018 жылдың  5  қазанында   Қазақстан   халқына  жасаған   «Қазақстандықтардың  әл-ауқатының  көтерілуі: кірістер  мен өмір  сапасы» Жолдауының  жүзеге  асу  барысы»  бойынша  Зеренді   ауданында    атқарылып  жатқан   шаралар  туралы   Зеренді  ауданы  әкімінің  орынбасары   Бахтияр  Хасенов  пен  «Зеренді  ауданының  экономика  және  қаржы  бөлімі» ММ   басшысы  Әсет  Құрманғожин  толық    көлемді  ақпараттар  берді.

Үшінші  мәселе   «Нұр  Отан»  партиясы  Бағдарламалар  жоспарының   жобасын  талқылау» бойынша  қатысушыларға  «Нұр  Отан»  партиясы  Зеренді  аумақтық  филиалының    төрайымы  Бақытжан  Айдосова   баяндады.

Сөз  кезегін   алған  «Мәлік  Ғабдуллин  атындағы   №11 сайлау   округі» бастауыш  партия  ұйымының  төрайымы,  селолық  округтің  әкімі Жанна  Әбілқасова қатысушыларды    партия  ұйымының   қызметімен   таныстырып, мемлекеттік  орган  мен   бизнес  құрылымдарының   өңірдегі   өзекті  мәселелерді  шешудегі   нәтижелі  әріптестігінен   үлгі  тұтарлық  мысалдар  келтірді.  

Қаралған  мәселелер  бойынша, делегаттар   тараптарынан  талқылаулар  мен  түзетулер     енгізілгеннен   кейін     қаулылар  қабылданды. 

Төртінші  мәселе бойынша  Бахытжан  Айдосова   төмендегіше   ақпарат  берді. Ол:

-«Ағымдағы   жылдың  25  қаңтарында  «Нұр  Отан» партиясының  Ақмола   аймақтық  филиалы  Бюросының   №001 PQ  Қаулысына   сәйкес  Көкшетау  қаласында  аймақтық  филиалдың   кезектен  тыс   XXX  конференциясы  шақырылады. Конференцияның   өтетін  күні  –  2019 жылдың   15 ақпаны.

Аталған  қаулының   және   партия  Жарғысының    9.6. т. сәйкес  біз,   біздің  аудандық  партия  ұйымын  ұсынатын  облыстық  конференцияның   делегаттарын   сайлауымыз  қажет.

Біздің   делегацияның   сапалық  құрамын   партияның   аймақтық  филиалы  Саяси  Кеңесінің  Бюросы   айқындайды.  Ол   біздің  аудан бойынша      7 делегатты  құрайды.

Делегаттардың  тізім  жобасы   партияның   аумақтық   филиалының  Саяси кеңесінің  Бюро  мәжілісінде  алдын  ала   талқыланды»,- деп  атап  өтіп,    XXX   конференцияға    делегаттардың   кандидатуралары    бойынша  сөз  кезегін   Саяси  кеңестің    мүшесі   Әділбек  Сыздықаевқа   берді.  Делегаттар   енгізілген   өзгерістер   негізінде   облыстық  конференцияға   делегаттардың    тізімін   бекітті.

Конференция  соңында  Зеренді   аудандық  мәслихатының     хатшысы  Қайрат  Ауғалиев,  аудан  әкімінің  орынбасары  Бахтияр  Хасенов, «Нұр Отан» партиясы аудандық   филиалы  төрағасының   бірінші  орынбасары    Бақытжан  Айдосова  марапаттау   рәсімін   өткізді.

«Нұр Отан» партиясының   төрағасы,  Қазақстан  Республикасының  Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев    жүктеген   стратегиялық   міндеттерді  жүзеге  асыруға   белсенді  атсалысқандары   және   ауданның  әлеуметтік-экономикалық  дамуына   қос- қан   айтарлықтай  үлестері  үшін   «Нұр Отан»  партиясының  Ақмола  облыстық  филиалы төрағасының   бірінші  орынбасары  Ғалым  Бекмағамбетовтің   Алғыс  хаты  аудандық мәслихаттың  депутаты,  Саяси  кеңес  Бюросының  мүшесі  Иван  Поздняковқа, аудандық  филиалдың   Саяси  кеңесінің   мүшесі, ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы  Клара  Сағындықоваға, Партиялық  бақылау   комитетінің  төрағасы   Олег  Зубаньға, бастауыш  партия  ұйымының  төрайымы,  М.Ғабдуллин  ауылдық  округінің   әкімі  Жанна  Әбілқасоваға,  Зеренді  аудандық  білім  бөлімінің  әдіскері,  «Ұстаз» бастауыш  партия  ұйымының  төрайымы   Майра  Ксюсеваға,  мұнымен  қатар   аудандық  мәслихаттың  депутаттары- Қайрат  Ауғалиевқа, Әлия  Таласбаеваға, Иван  Поздняковқа, Людмила  Николаеваға  «Нұр  Отан» партиясы   саяси   менеджмент  академиясының   сертификаттары  табыс  етілді.    

Елбасының  мемлекеттік  саясатын  жүзеге   асыруға  белсене   атсалысқан,  «Нұр Отан» партиясының  20 жылдық  мерейтойының   алдында  мүшелікке    қабылданған Қарабұлақ  негізгі   мектебінің    мұғалімдері- Айшолпан  Абдулла, Амит  Тұрсынбай, Мұхит Тұрсынбай, «Балалардың  шығармашылық  үйі» ММ   қосымша   білім беру    педагогтары-  Мейрам  Жүрсінов, Рамазан  Досан,  жас  мамандар-  №1 Зеренді  ОМ  мұғалімі Тимур  Қайырбеков,  Викторовка  селолық  округі  әкімі  аппаратының маманы     Наталья  Готфрид  «Нұр  Отан» партиясы   Ақмола   филиалының  құттықтау  хатымен   марапатталды.

Новости в Вашем регионе