Өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкесі

Астана қаласының 20 жылдығына  орай 2018 жылы 27 қазан күні Астанада Ақмола облысының  ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Шараға өңір басшысы Мәлік Мырзалин қатысты.


«Қазақстан» спорт кешенінің  алаңында ауылшаруашылық тауар өндірушілері барлығы 376 миллион теңгенің 730 тоннадан астам өнімін  ұсынды.   Астаналықтар мен қала қонақтары азық-түліктің 40 –тан астам  түрлерін  астаналық бағадан бірнеше есе арзан бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие болды. 
Ақмола облысында Елбасының тапсырмасымен Астананың азық-түлік белдеуін дамыту аясында  ағымдағы жылдың  9 ай көлемінде былтырғы жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларын өндіру 111 пайызға өскені байқалды. 
  Барлығы ақмолалық аграрийлер Астанаға 174 тонна ет және шұжық өнімдерін, 10 тон-надан астам балғын балық және балық өнімдерін, 2,5 миллион дана жұмыртқа, 35 тонна айналасында сүт және сүт өнімдерін, 15 мың литр өсімдік майын, 300 тонна картоп және басқа да тағам түрлерін саудалады.  Біздің Ақкөл ауданы да белсенді қатысып, 6 палаткадан тұратын  12 сауда орыны халыққа қызмет етті. 
Бұл шараға ауданның 9 ауылшарушылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды: ет өнімдерін «Ақкөл деликатестері» ЖШС-нің шұжық цехы, «Теремок» ЖШС ірімшік, нан өнімдерін, «Үш бұлақ -2005» ЖШС тауық жұмыртқасын сау-далады. Өнімдердің жалпы бағасы 9,8 млн.теңгені құрады.

«Ақкөл –ақпарат»
 

Новости в Вашем регионе