КӨПБАЛАЛЫ ЖАНҰЯЛАР ЕСЕПТЕ ТҰР

Елбасы Н.Ә.Назарбаев  өкілетті органдарға  барлық деңгейдегі бюджет шығындарын қайта қарауды қадап  тапсырды. Бұл сайып келгенде  қазақстандықтардың  тұрмысы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған  шара. Осы бағыттағы қолға алынатын жұмыстар ендігі жерде барлық мемлекеттік және қоғамдық салалардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылатын болады.

Жуырда аудан орталығы Ақмол ауылындағы Мәдениет үйінде Целиноград ауданында тұратын көп балалы аналармен кездесу болып өтті. Азаматтарды қабылдау шарасына аудан мен облыстық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің өкілдері белсенді түрде ат салысты. Жұмыс тобына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова мен өңір басшысы Малғаждар Тәткеев жетекшілік етті.

Шара барысында көп балалы аналар, аз қамтылған, әлеуметтік жағынан тұрмысы төмен тұрғындар, барлығы 80-ге жуық адам қабылданып, өтініштері тыңдалды. Арыз-талап айтушылардың көбін жер телімін алу, балаларын  балабақшаға орналастыру, жұмысқа орналасу секілді мәселелер толғандырады екен.

Кездесудің қорытындысында әдеуметтік қамсыздандыру және ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен көп балалы отбасылардың анкеталық мәліметтері, талап-тілектері тыңғылықты түрде жазылып алынды.

Новости в Вашем регионе